Жалғызбасты аналарға үкімет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?

990-1476212364-6794076746.jpg

Гаухар Алтынбековна, заңгер:

Жалғызбасты аналарға арнайы жәрдемақы жоқ. Бірақ ,балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63 Заңының 4-бабына сәйкес жәрдемақылар алу құқығы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы тағайындалады. Ең төмен тұтыну себеті адамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жиынтығы болып табылады. Азық-түлiк себетiн мемлекеттік статистика саласындағы уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тамақ өнiмдерiн тұтынудың ғылыми негiзделген физиологиялық нормалары бойынша есептеп шығарады. Ол ең төмен күнкөріс деңгейіне тең, яғни бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. Қазақстанда 2012 жылы 17 439 теңге болып белгіленді. Қысқасы сіздің табысыңыз осы сомадан төмен болса ала аласыз.

Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.

I. Жәрдемақыларды тағайындату үшін өтініш жасау жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін жүзеге асырылады.

II. Өтініш беруші жәрдемақы тағайындату үшін жәрдемақы алу құқығы бар отбасының тұрғылықты жеріндегі тиісті уәкілетті органға мынадай құжаттар:

1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш; (аталмыш заңнан ала аласыз оны)

2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері) не тууы туралы акт жазбасының (жазбаларының) көшірмесі (көшірмелері);

3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);

5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет (балаларға арналған жәрдемақы үшін);

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 1АЕК мөлшері 1 852 теңгені құрайды.

 


Дереккөз : ahnabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: