Перделер

714-1476216247-5fe09fed34.jpg

Сұлулық пен жылулық

 Терезелерді сәндеуде тұрған қиын ештеңе жоқ сияқты. Дегенмен, терезеге құрылған перделерсіз үй жұпыны көрініп, жұтаң тартып тұратындай.

 Үйдің көркі орнымен жиналған жиһаздарға ғана емес, интерьерде үлкен роль ойнайтын, бір-бірімен үйлесім тапқан бояулар жиынтығы мен бірін-бірі толықтырып тұратын түрлі бедер, суреттерге де байланысты. Міне, сондықтан да интерьер дизайнерлері: «Терезеге құрылған перделер көзге түсіп, жиөаздармен үйлесім тауып, интерьерді толықтырып тұрғаны дұрыс», – дейді. Ендеше, дизайнерлердің перде құруда қолданар кейбір әдіс-тәсілдерімен бөлісіп көрелік.

 

Перде мен қабырға

 Қабырғаға жабыстырылған түсқағаз немесе жағылған бояудың түр-түсі немесе қандай да бедері терезеге құрылған пердемен сай келіп, өзара үйлесім тапса, ол да – дизайнерлік шеберлік. Бастысы, бұл жерде бөлмеге өзгеше тартымдылық сыйлап, нақты стильді айқындай түсу. Егер перделер мен қабырғаны өзара үйлестіргіңіз келсе, қабырғалар мен перде бір түстің өте жақын реңдерінен болғаны дұрыс. Яғни бөлме қабырғалары ашық жасыл болса, перденің аздап қою жасыл түсті болғаны тартымды көрінбек.

Перде мен қаптамалар

 Бөлмедегі матамен қапталған қаптама, жұмсақ жиһаздар – пердені толықтырып тұруға таптырмас «дүние». Бұл – қонақ бөлмедегі диван мен орынтақ(кресло), жұмсақ қаптама орындықтар мен сол сияқты шағын үстел. Ал жатын бөлмеде төсек пен орындық, бар болса орынтақ.

 Терезеге перде таңдарда матамен қапталған осынау жиһаздардың түр-түсін, өңі мен өрнегін негізге алыңыз. Айталық диван қаптамасындағы қызыл-жасыл гүлдердің пердеде сол қалпында қайталануы шарт емес. Дегенмен, ортақ ұқсастықтың болғаны абзал. Тіпті айнақатесіз қайталанып жатса да, оның ешқандай әбестігі жоқ. Тек шамадан тыс сәндеп, артық қыламын деп тыртық қылып алмасаңыз болғаны.

 Егер бұл әдісті жатын бөлмеде қолданып көргіңіз келсе, мұнда, әрине, пердемен үйлестіру үшін төсекжапқыш пен жастықтарды аламыз.

Перде мен жастықтар

 Бұл – өте ұтымды тәсіл. Айталық, сізге ұнаған перде түр-түсімен бөлмеңіздің дизайнына мүлде сай келмейді. Ендеше, оны қарапайым жастықтармен үйлестіріңіз. Әдетте, жастықты бөлме интерьерінде аксессуар ретінде жиі қолданады. Сіз де осы тәсілді қолданыңыз. Диван-орынтақ, орындықта тұрған жастықтардың тысын перденің матасымен қаптаңыз.

Дайын топтама перделері

 Викториандық классиканың негізгі ерекшелігі ретінде интерьерде біртектес мата қолдануды айтуға болады. Яғни қабырға, диван-орынтақ пен орындықтың қаптамасы, төсекжапқыш пен перделер – бәрі біркелкі немесе бір-біріне өте жақын түс пен бедерде болуы керек.

 Мұндай дизайнмен жиһаздалған бөлме құдды бір асыл тастарға арналған қобдиша сияқты көрінеді. Егер бөлмеде викториандық классиканы қолданғыңыз келсе, өсімдік тектес өрнектерді негізге алғаныңыз дұрыс.


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: