Суға шомылу маусымы: қауіпсіздік ережелері

505-1476221929-fed27ea954.jpg

Жаз мезгілінде жиі шомылып тұрған - денсаулыққа өте пайдалы. Өйткені, бұл уақытты тиімді өткізуден бөлек, ағзаңыздың сау әрі қалыпты жұмыс істеуіне оң әсерін тигізеді.  Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергек етеді және жұмысқа қабілетіңді арттырады. Алайда, қарапайым ережелерді сақтамасақ, бақытсыз жағдайларға тап болуымыз мүмкін. Суға түсу кезінде көбінесе балалар, ішімдік ішкен адамдар ғана емес, денсаулығы мықты жүзу білетін адамдар да қайғылы жағдайға тап болады. Ал мұндай жағдайда дер кезінде, тез және дұрыс шешім қабылдай білу керек. Әйтпегенде, шомылу маусымында, жағымсыз статистикалар санының артып  кетуі әбден мүмкін. Сондықтан қарапайым ережелерді сақтап, өзіңізді де жақындарыңызды да сақтаңыз !

 

  1. Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз.

  2. Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті.

  3. Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек!

  4. Ішімдік ішкен жағдайда суға түсуге болмайды!

 

Тыйым салынады:

-Жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;

-Қатты толқын кезінде суға түсу;

-Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу;

-Камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түспеу;

-Салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;

-Қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмау;

-Дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау.

Суда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

Үлкендер білуі керек:

  • Суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау;

  • Суға түсуге болмайтын жерлерге шомылмау.

Демалатын жерлерде мына талаптар орындалу керек:

 Балалар шомылатын су жағажайларының топырақты болуы. Су қоймасының түбі бірте-бірте еңіс тартып, 1,5 метр тереңдікте су түбі тастардан, басқа да заттардан таза болуы. Суға түсуді үйреніп жүрген мектепке дейінгі балалар үшін арнайы орын бөлініп (тереңдігі 0,7 метрден аспау керек), қауіпті жерлер арнайы тростармен белгіленуі керек. Су жағажайларының тереңдігі 1,5 метрге дейін болғанда 12 жас және одан үлкен жақсы жүзе алатын балаларды жіберуге болады. Балалардың қасында міндетті түрде суда жақсы жүзе алатын үлкендер болу керек.



Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: