Үй шаруашылығына қажетті кеңестер

753-1476212383-37f163c249.jpg

Үй шаруашылығында абайсызда болған жағдайдың оңай тәсілін табуға болады. Жай ғана шкафтағы жағымсыз иістен арылу үшін табиғи ұнтақ кофенің пайдасы мол.

 

1. Жаңа алған сыбыртқыны ұзақ қолданғыңыз келсе, тұздалған ыстық суға 2-3 сағатқа салып қойыңыз.

2. Шкафтағы жағымсыз иістен арылу үшін ол жерге табиғи ұнтақ кофені қойыңыз.

3. Ас бөлмедегі үстел сүртетін шүберектің майын тез кетіру үшін оны жумастан бұрын аздаған сірке суы қосылыған жылы суға салып қойыңыз.

4. Егер қолыңызға абайсызда «Момент» желімін төгіп алсаңыз, оны маргаринмен оңай кетіруге болады. Желім төгілген жерге жағып, бірнеше минут күтсеңіз болғаны.

5. Үйіңізде жағымды иіс шығып тұрсын десеңіз, лимон қабығын бірнеше минут қайнатыңыз. Бөлмелерге хош иіс жылдам тарайды.

6. Ас бөлмедегі сүлгілердің майы тез жуылуы үшін оларды жатар алдында бір түнге айранға салып қойыңыз.

7. Пластик ыдыстарға жұққан майлы дақтарды қарапайым тіс пастасымен кетіруге болады.

8. Мыс ыдыстарды тұзбен ысып, сірке суын шашып, біраздан соң жусаңыз, жарқырап шыға келеді.

 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: