Науқан барысында қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар
Қазір қысқа мал азығын жинау науқаны жүріп жатыр. Мамандар осы науқан барысында қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді.
Шөп жинау жұмыстары ауыл-аймақтарда қызу жүруде. Атқарылып жатқан жұмыс кезінде ыстық, құрғақ желді ауа-райы, ауыл шаруашылық техникалары, жанар-жағар май материалдары өрт қауіпін тудыруы мүмкін.
2021 жылдың 6 айында Түлкібас ауданында тұрғын-үй секторларында орын алған 2 өрт оқиғасынан 5000 дана пресс, 50 тонна мал азығы өртенген. Әрине, бұл нәпақасын төрт түліктен алып отырған тұрғындар үшін өте үлкен шығын.
Жем шөп жинау орындарында болатын өрттердің себептері:
-оталдыру жүйесінде, жарамды ұшқын сөндіргіштің болмауы,
-агрегатта жиналып қалған астық сабақтарының үйкелуі,
-қай жерде болмасын темекі тұтқылдарын өшірусіз тасталуы,
-жем шөп жинау орындарында ретсіз от жағудан,
Шөпті қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрлыстарына, электр желілерінің астына жинауға, сонымен бірге
учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр арақашықтықта,
көшелерде, жолдарда аулалық учаскелерден тыс шөп маяларын, ірі жем шөпті скирдтерді орналастыруға жол берілмейді.
ірі жем шөпті скирдтерді жинау биіктігі жерден 4 метрден аспайтындай етіп орындалады.