2024 жылдың қаңтар айынан бастап камералдық бақылау нәтижелерінің есебі

Oinet.kz 27-09-2024 722

Камералдық бақылауды - уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі, яғни Департамент, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарында (бұдан әрі –Заң) белгіленген талаптар негізінде мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен мемлекеттік аудит объектісіне бармастан, тұрақты негізде жүргізеді.

Камералдық бақылау, мемлекеттік сатып алу жарияланған сәттен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт түзілгенге дейінгі мерзімде жүргізіліп, конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау, өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестендіру құқығын беру, өтінімді қайта қарап қорытынды туралы хаттама түзу кезеңдерін қамтиды, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу, бір көзден сатып алу, тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуларға да жүргізіледі.

Жыл басынан мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы камералдық бақылау барысында жиынтығында қамту 99,8% пайызды құрайды.

Департамент тарапынан толтырылған әкімшілік хаттамамалар:

- ӘҚБтК-нің 462 бабы бойынша - 21 хаттама.

Департамент тарапынан, аталған хабарламаларды орындамаған/тиісінше орындамаған/мерзімінен кешіктіріп орындаған фактілер бойынша, мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен есепшоттары, сондай-ақ банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын бұғаттау бойынша ӘҚБтК-нің (КоАП) 462-бабының 3-бөлігімен мекемелердің бірінші басшыларына қатысты хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды.

Развитие массового спорта – благодаря программе подушевого финансирования
Маңғыстауда Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Ашық есік күні» акциясын өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу