Түркістан облысында 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау қорытын
Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында камералдық бақылаумен жалпы сомасы 800,6 млрд теңгені құрайтын 24 752 мемлекеттік сатып алу (лот) қамтылған.
Тексеру барысында анықталған заңбұзушылықтар бойынша 140,1 млрд теңге сомасына оларды жою туралы 4 005 хабарлама жолданған.
Заңбұзушылықтардың басым бөлігі келесі сатып алу тәсілдеріне тиесілі:
• ашық конкурс — 85,3 млрд теңге сомасына 1 295 хабарлама;
• бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы сатып алу — 1 788 хабарлама (көрсетілген сома 4 678 млрд теңге);
• рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс — 3,2 млрд теңге сомасына 63 хабарлама;
• баға ұсыныстарын сұрату — 5,9 млрд теңге сомасына 859 хабарлама.
Сонымен қатар, хабарламаларды жолдау мерзімдерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабына сәйкес 40 әкімшілік хаттама жасалған.
Ең жиі кездесетін заңбұзушылықтар:
• тапсырыс берушілердің конкурстық құжаттамада заңнамаға қайшы келетін немесе артық біліктілік талаптарын белгілеуі;
• жеткілікті негіздемесіз бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз қолдану;
• баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізу кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу;
• техникалық құжаттаманың мемлекеттік немесе орыс тілінде болмауы, сондай-ақ ұлттық стандарттардың сақталмауы.
Азаматтар мен бизнес өкілдерінің өтініштеріне де ерекше назар аударылды. Есепті кезеңде E-Otinish платформасы арқылы 1 420 өтініш (шағым) түсіп, олардың барлығы белгіленген мерзімде қаралды. Оның ішінде 515 өтініш (36%) бойынша өтініш берушілердің уәждері толық қанағаттандырылды.
Камералдық бақылау нәтижелері мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыруға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және нарық қатысушыларының құқықтарын қорғауға бағытталған.


