Шымкентте "Биліктен де биік тұлға" атты Н.Оңдасовты ұлықтау кеші өтті

Oinet.kz 23-10-2024 47

Бүгін Пушкин Кітапханасының көрме залында аса ірі мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына арналған "Биліктен де биік тұлға" ұлықтау кеші өтті. 

1000241029.jpg

Кештің модераторы - философия ғылымдарының кандидаты Мажинбеков Сакен болды. Ал, бұл жиынға қаланың түрлі колледждерінен 200-ге жуық студент пен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынға Шымкент қаласының Дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев та арнайы қатысып, құттықтау сөзін айтты. 

Нұртас Оңдасынов - 1938 бен 1951 жылдар аралығында Қазақ республикасының Үкімет басшысы болған. Ол өзінің қызметтік дәуірінде қазір бәрімізге белгілі жоғары оқу орындарын ашып, Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының негізін қалады. Оның ішінде 1943 жылы Шымкенттегі қазіргі М. Әуезов атындағы ОҚУ-ды ашты. Сонымен қатар, Ақтау қаласына "Ақтау", ал Теміртау қаласына "Теміртау" деп ат берген - Нұртас Дәндібайұлы болатын. Бұған қоса ол 25 жыл жазу үстеліне отырып, қазақ-араб, қазақ-парсы сөздігін жазып, бүгінгі ұрпаққа аманаттады. Ол - сондай ірі мемлекет және қоғам қайраткері.

Өркендей бер, Республикам менің!
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу