Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Еліміздегі танымал актер Тәуекел Мүсілім осы жылы көпшілік асыға күткен үйлену тойын дүркіреп жамақшы болған еді. Алайда, пандемия салдарынан сүйіктісі екеуінің жоспары құрдымға кетті. Бірақ, дүбірлі шара өтпесе де, өнер иесінің отбасында басқа да қуанышты жағдайлар орын алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Тәуекел Мүсілім аса қызу дайындалғанда, үйлену тойы болмай қалғанына өкініп жүргенге ұқсамайды. Өнер иесі дүбірлі шара өткізе алмаса да, достарымен бас бас қосуға себеп тапқан. Белгілі актер мен жары армандаған пәтерлерінде жөндеу жұмыстарының барлығын аяқтап, жаңа баспанасына көшіп кірген. Ерлі-зайыптылар бұл сәтті пайдалана отырып, шаңырағында алғашқылардың бірі болып отбасылық достарын қонақ етті.
Махаббат пен Тәуекелді баспаналы болғандарымен құттықтап барған жұлдыздар қатарында Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова, Айдос Мұқанов және тағы да басқалары бар. Желіде тарап кеткен бейнежазбалар мен фотоларға қарап, шаңырақта Тәуекелдің ең жақын достары өз жұбайларымен бірге келгенін көруге болады. Оған қоса, кейбір кадрлардан актердің анасы мен әйелінің дастархан жайып, қонақтарды күтуге дайындалып жатқаны көрінеді.
Желі қолданушылары жаппай жас жұбайларды қуанышты жаңалығымен құттықтап, өз ақ тілегін жаудырды.
"Құтты болсын. Той болмаса да, үйлі болдыңыздар. Оған да тәуба" , "Жақсы жаңалық екен. Бақытты болыңыздар. Осы үйде енді баланың дауысы шықсын" , "Үйлену тойды ойдағыдай өткізе алмағандарыңызға өкінбеңіздер. Енді міне баспаналы болып жаьырсыздар. Достарыңызбен атап жатырсыздар. Осы күнге де шүкір" , - деп жазуда көпшілік.