Құрбандыққа қандай мал шалынады?

Oinet.kz 11-12-2014 1082

Құрбандыққа бір жасар қой-ешкі, екі жасар сиыр, бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, құлақсыз шұнақ, мүйізі сынған болмауы керек. Әртүрлі кемшіліктерден ада, толыққанды түлік болуы тиіс. Құдай жолында ең жақсы малды шалмай разылыққа жетем деу – әбестік. Әли Имран сүресінде Жаратқан Ие былай деп ескертеді: «Өздерің жақсы көргенді Алла жолына жұмсамайынша, игілікке жетпейсіңдер».

image.png

Әнес сахаба (р.а.) Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) құрбандыққа мүйізді, ақ ала екі қошқарды тәкбір айтып, өз қолымен шалғандығы туралы жеткізген. Қой-ешкі бір адамның атынан шалынады. Ірі қара малды жеті кісі бірігіп шалуға болады. Шамасы жеткен адам өз атынан бірнеше мал шалса да болады. Құрбандық малды басын құбылаға қаратып, «Бисмилла, Аллаһу әкбар!» деп бауыздайды. Құрбандықты айттың үш күні шалуға болады.

Мұсылман мейрамдары туралы не білеміз?
Құрбан шалу кімдерге уәжіп?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу