Жыл сайын 20 мыңнан астам баланы емдейтін аурухана!

Oinet.kz 05-02-2026

Screenshot_1.jpg

Түркістан облыстық балалар ауруханасы – қазіргі заманғы көпбейінді клиникаларының бірі. III деңгейдегі емдеу орталығы ретінде аудандардан жіберілген 18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек түрлерін көрсететін көпсалалы бірегей аурухана. Аурухана ұжымының қызметі жоғары бағаланып, 2024 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің «Беделді балалар ауруханасы» жоғары мәртебесіне ие болды. 2025 жылы денсаулық сақтау саласының сапа бойынша аккредиттеу орталығының Ұлттық стандарттарға сәйкестігін бағалаудан сәтті өтіп, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен өлшемшарттарына сәйкестіктің жоғары санатын алды.

Облыстық балалар ауруханасын жаңарту өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті дамытуға және педиатрияның заманауи стандарттарын енгізуге бағытталған стратегиялық бастама. Жобаны іске асыру Түркістан облысының балаларына еліміздің жетекші клиникалары деңгейінде жоғары білікті медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аурухананың инфрақұрылымы белсенді дамуда және бейінді көмекті ұйымдастырудың жаңа тәсілдері енгізілуде.

Screenshot_6.jpg

– Түркістан облыстық балалар ауруханасы 422 төсек орынға арналған. Оның 224-і хирургиялық,162-сі педиатриялық, 36-сы медициналық реабилитация мен қалпына келтіру төсектері. Ауруханамыздың құрамында тәулік бойы көмек көрсететін 31 бейінді 14 клиникалық бөлімше мен 50 төсек орынды күндізгі стационар жұмыс істейді. Ал, консультативтік диагностика орталығымыз тәулігіне 400 пациент қабылдауға қауқарлы. МӘМС жүйесі аясында зерттеулер мен операциялар, басқа да медициналық қызметтер 18 жасқа дейінгі азаматтарға тегін көрсетіледі, – дейді Түркістан облыстық балалар ауруханасының басшысы Алтын Досанова.

Screenshot_3.jpg

Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен облыстық балалар ауруханасындағы консультативтік диагностика орталығында ренновация шеберлік жоспары шеңберінде ашылған 11 үйлестіру орталығы жұмыс істейді. Атап айтқанда, олар – көру қабілетін көру орталығы, есту қабілетін қорғау орталығы, нефрология, ревматология, гастроэнтерология, эндокринология, гематология, аллергология, бект-жақ хиррургиясы, ортопедия, респираторлық аурулар бойынша үйлестуру орталықтары.  

Screenshot_5.jpg

2025 жылы ауруханадан 20332 пациент ем алып шықты, оның 17445-і МӘМС пакеті шеңберінде, 55 пайызы ауыл тұрғындары. 977-сі күндізгі стационарда емделген. Бір жылда аурухана базасында 6756 операция жасалды, оның 27-сі жоғары мамандырылған операция. Жарақат бекетінде 8914, консультатвитік диагностика орталығында 75929 пациент қабылданды. 577818 зертханалық, 40404 функционалды диагностикалық қызмет көрсетілген. Сонымен қатар, аурухана дәрігерлері медициналық авиация арқылы 1168 шақыртуға шығып, 989 телемедицина арқылы консультация берген. 3615 КТ, 2382 МРТ, 19472 рентген зерттеулер, 13545 УДЗ, 1390 ЭФГДС жасалынды.

Screenshot_2.jpg

Неонаталдық хирургияның дамуы туа біткен патологиясы бар жаңа туған балалардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Неонаталдық хирургтер пренаталдық консилиумдарға қатысуда. Өткен жылы облыстық балалар ауруханасына 728 нәресте ауыстырылды, оның ішінде 195 нәрестенің даму кемістіктерін жедел түзетуге, облыстық перинаталдық орталықтарда аурухананың неонаталдық хирургтері жаңа туған нәрестелерге 59 операция жасады.

Screenshot_19.jpg

– Қызым өте қиын комалық жағдайда осы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер «екі бүйрегі жұмыс істемей жатыр» деді. Жансақтау бөлімінен шыққан соң қызымды Алматыға не Астанаға емделуге әкетем, сол жақта жақсы қарайды деп ойладым. Бірақ, емдеуші дәрігеріміз «осы орталықта да білікті, жақсы мамандар бар, қызыңыздың сауығып шығуы үшін бәрін жасайды» деп сендірген соң осында қалдық. Содан бері бір ай өтті, дұрыс жүргізілген ем-шаралардың нәтижесінде бүйрегі 100 пайыз жұмыс істеп кетті. Алынған бүйрек анализдерінің қорытындысы біз күткеннен де өте жақсы шықты. Жақында үйімізге қайтамыз. Аурухананың дәрігерлерінен бастап, мейіргерлеріне дейін кәсіби қызметтеріне аса жауапкершілікпен қарайтынына көзіміз жетті. Мұнда емделушілерге барлық жағдай жасалған, – дейді пациенттің анасы Ханзада Сұлтанова.


Дәрігерлік көмектің қолжетімділігін арттыру, дамыту міндеттелді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу