«Халық қатысатын бюджет»: Шымкентте аулалар абаттандырылуда

Oinet.kz 18-11-2024 12

  111.jpg

Шымкент қаласының Еңбекш ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыруды жұмыстары жүргізілуде.

Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысып келеді деген сөз.

Шымкент қалалық әкімдігінің хабарлауынша,  2023 жылы тұрғындар ұсынысы ескеріліп, 27 балалар ойын алаңшасы орнатылды. Ал 2024 жылы 47 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 17 мекен- жайда балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланды. Қазіргі таңда 11-і аяқталып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды. Қалғандарында жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, абаттандыруды қажет ететін 36 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда.

Сонымен бірге аудан тұрғындарын спорт алаңшаларымен қамтамасыз етіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға да ауданда бар жағдай жасалынып келеді. 2022 жылдың қорытындысымен спорт алаңшалар саны 107 болды. Қала аумағында жаңа «Тұран» ауданының ашылуына байланысты Еңбекші ауданы аумағынан Әл-Фараби ауданы әкімшілік шекаралық аумағына 58 дана ашық спорт алаңшалары тапсырылды. Қазіргі таңда аудан аумағында 56 дана ашық спорт алаңшалары орналасқан. 2023 жылға 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды.

Ал бұқаралық спортты дамыту мақсатында 8 спорттық алаңша жұмысы қолға алынып,бүгінде 3-еуі тапсырылды. 5 алаңшада жұмыстар жоспарлы жүргізілуде.

Сонымен бірге, аудан тұрғындарының жайлылығы ескеріліп Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар салу жоспарлануда. Мердігер мекемелермен келісім шарттар түзіліп, жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Тағы бір айта кететін жайт, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «ВI Group» ЖШС-нің демеушілігімен Жібек жолы көшесінің бойынан қала тұрғындары мен қоңақтарына арналған қоғамдық кеңістік құрылды.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Нақтыласақ, 2022 жылы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5% құраған. Қалаға қосылған 7 елді мекеннің құрылысы аяқталу жоспарлануда Жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізді. Сондай-ақ, 2023 жылы аудан аумағына жаңадан қосылған «Исфиджаб» тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Мелиоратор» ЖШС-і мердігер мекеме болып анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтар толық ауыз сумен қамтылды.

Қазіргі таңда ауданда ауыз сумен қамту көрсеткіші 97%-ды құрайды.


Шымкент: Қоғамдық көліктерге талап күшейтілді
Шымкент: Ең басты бағыт-сапалы инфрақұрылым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу