Шымкентте поляк инвесторлары жылыжай салады

Oinet.kz 14-11-2024 57

 000.png

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Fabe Polska» поляк компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, 150 гектар аумақты қамтитын жоғары технологиялы жылыжай салу бойынша меморандумға қол қойды. Ауқымды жобаның жалпы құны - 200 миллион АҚШ долларын құрайды. Жылыжай кешенін іске қосу нәтижесінде жыл сайын 36 мың тонна қызанақ пен қияр өндіріліп, 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Жылыжайдан алынатын өнімдер жергілікті нарықпен қатар, экспортқа да шығарылатын болады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ірі инвестициялық жобаға қызығушылық танытқаны үшін инвесторларға алғысын білдіріп, қаланың дамуы үшін инвестициялық климатты жақсартудың маңыздылығын атап өтті. «Қаладағы ірі жобаларды жан-жақты қолдауға дайынбыз, себебі бұл тек Шымкенттің емес, тұтас еліміздің дамуына оң әсер етеді», - деді қала әкімі.

Жобаның іске қосылуы Шымкенттің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, жылыжай шаруашылығын дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға серпін береді.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметі бойынша бүгінде қалада көлемі 139 га құрайтын жылыжай кешендері тіркеліп, жыл сайын 15 мың тоннға жуық өнім жиналуда. Осы бағытты дамыту мақсатында Түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен біргелесе І-кезеңде 100 га аумаққа жылыжай салу жоспарлануда. Нәтиже қаладағы жылыжай кешендері 239 га ұлғайып, қосымша 1 000-нан астам жұмыс орындары ашылып, жиналатын өнім көлемі 30 мың тоннаға артатын болады.
Сондай ақ, жылыжай шаруашылықтарына құрылыс жұмыстарына кеткен шығындарының 30% субсидияланып, ал комуналдық шығындарына 1 гектарына 4 млн. нан 8 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.


Шымкент: Қаратөбе көгілдір отынға қосылды
Шымкентте жалпыұлттық бірлікті дәріптейтін лекторий басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу