Шымкент: Ұлттық ұланда тексеріс басталды

Oinet.kz 11-11-2024 60

13.jpg 

11 қарашада  Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситниковтың басшылығымен 2024 жылғы жазғы оқу кезеңінің қорытынды тексерісі басталды. Бұл туралы Іщкі істер министрлігі Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Бірнеше күн ішінде әскери қызметшілер саптық, мемлекеттік-құқықтық, арнайы, атыс және дене шынықтыру даярлықтары бойынша сынақтар тапсыратын болады. Сонымен қатар, олар жалпыәскери жарғылар мен РХБ қорғаныс пәндерінен білімдері мен дағдыларын көрсетеді. Әрбір әскери қызметші тек теорияда ғана емес, практикада да бағаланады.

Бірінші күн саптық бақылаудан басталды, оның барысында өңірлік қолбасшылық комиссиясы әскери қызметшілердің киім үлгісін, құжаттары мен жабдықтарын тексерді. Саптық байқаудан кейін әскери қызметшілер саптық дайындық бойынша сынақтарды тапсыруға кірісті. Олар саптық қабылдауларды қозғалыста, орында және қарумен орындады.

Сондай-ақ, тексеріс барысында «Ақтас» оқу орталығының базасында әскери қызметшілер штаттық қару - Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын меңгеру дағдыларын көрсетті.

- «Қорытынды тексеріс аясындағы жоғары нәтижелер әскери қызметшілерге сыныптық біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан әркім жоғары баға алуға ұмтылады, осылайша бүкіл әскери бөлімнің жалпы қорытынды бағасына өз үлесін қосады»,- деді полковник Павел Ситников.

Тексеріс қорытындылаумен аяқталады. Әрбір әскери қызметші мен бөлімше өздерінің дайындық деңгейіне сәйкес тиісті баға алатын болады.

Айта кету керек, әскери қызметшілер жылына екі рет қорытынды тексерістен өтеді, оның негізгі мақсаты жауынгерлік әзірліктің нақты жай-күйін және жеке құрамның дайындық деңгейін анықтау болып табылады.


Ғ.Сыздықбеков қызметкерлерін адал жұмыс істеуге шақырды
«Балық берме, қармақ бер»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу