Тәжікстан дәрігерлері Шымкенттен үйренуде

Oinet.kz 08-11-2024 8

 1.jpg

Шымкент медицинасы соңғы жылдары айтарлықтай дамыды. Бүгінде шымкенттіктер күрделі операциялар жасату үшін Алматы, Астанаға сабылмайды. Үшінші мегаполистің медициналық ұйымдары заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген. Жергілікті дәрігерлер білімдерін жетілдіріп, Еуропа елдерінде тәжірибеден өтті. Енді міне,   Шымкент республианың өзге аймақтарын былай қойғанда Орталық Азия елдеріне тәжірибе таратуда.  

Жуырда тәжікстандық мамандар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерімен бірге қаладағы медицина ұйымдары мен мектептердегі егу қабинеттерінің жұмыстарымен танысып, адам папилома вирусына қарсы вакцинацияны енгізу бойынша тәжірибе жинақтады. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Бірінші кезекте сіздердің жылы қабылдағандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Иммундау күнтізбесінде жаңа вакциналарды қолдану халық арасында көптеген сұрақтар туғызады.Біз мұнда әріптестеріміздің тәжірибесін қабылдау және осы вакцинацияны елімізде енгізу үшін келдік. Тәжікстан Республикасында 2025 жылдан бастап адам папилома вирусына қарсы вакцина қолға алынады. Біз қазір дайындық үстіндеміз”-дейді Тәжікстандағы иммунопрофилактика орталығының бас директоры Файзали Барот.

Қаламызда адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жалғасуда. Жоспарланған екпе алуы тиіс жасөспірім қыздардың 50% астамы вакцинамен қамтылды. Бұл көрсеткіш республика бойынша алдыңғы қатарда. Вакцина алғандардың қатырында жағымсыз жағдайлар тіркелмеген.

Тәжірибе алмасу жұмыстары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Денсаулық сақтау министрлігі, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ұйымдастыруымен өтуде. Халықаралық деңгейдегі бұл іс шара 8-қарашаға дейін жалғасады.


Шымкентте халықаралық театр фестивалі басталды
Шымкентте IT мамандары бас қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу