Шымкент туризмі Ыстамбұлда таныстырылды

Oinet.kz 24-10-2024 196

21.jpg 

Шымкент биылдың жартждылдығында туристердің ең көп қабылдаған өңірлердің бестігіне еніп, тізімде үшінші орын алды. Туризм индустриясы комитеті мамандарының айтуынша, Шымкент қаласы шетелдік және жергілікті туристер арасында ең танымал бағыттардың біріне айналып келеді. Шымкенттің әлемде экономикасы дамыған елдермен іскерлік байланыстары да нығайып келеді. Қазіргі таңда Шымкент қаласы 10 мемлекеттің 15 қаласымен бауырлас қала ынтымақтастығына ие, атап айтқанда, Худжанд, Могилев, Байинь, Стивенэйдж, Измир, Паттайя, Ахарнон, Гросетто, Эскишехир, Адана, Генуя, Сиань, Балыкесир, Ош, Ванадзор.

Жуырда Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстан Республикасының бас Консулдығының қолдауымен туристік форум-көрме өтті. Бұл шарада Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері түркиялық туристік операторларға кеңінен таныстырылды. Форумға Түркияның 100-ден аса туристік агенттіктері мен сала мамандары (ТУРСАБ) қатысты.

Кездесуде екі ел арасындағы туристік ағынды арттыру, жаңа бағыттарды дамыту және ынтымақтастықты нығайту басты тақырып болды. Шымкенттің киелі жерлері, соның ішінде «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелері ерекше атап өтіліп, осы бағыттағы рухани туризмнің әлеуеті жоғары екені айтылды. Рухани туризмнің бастау алатын маңызды нүктесі ретінде Шымкент ұсынылып, қаладағы туристік маршруттар егжей-тегжейлі көрсетілді.

Форум аясында В2В форматында келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде Шымкентке Түркиядан келетін туристер ағынын арттыру мақсатында 5 ірі туристік операторлармен ынтымақтастық орнатылды. Бұл келісімдер екі ел арасындағы туризмнің дамуына және Шымкенттің халықаралық деңгейде танылуына жаңа серпін береді.

Алдағы уақытта Шымкент қаласы рухани туризмнің орталығы ретінде шетелдік туристер үшін тартымды орындардың біріне айналмақ.


«Тарих тағылымынан – тұғырлы тәуелсіздікке»
Шымкент: Қаратау газбен 96 пайыз қамтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу