Шымкентте Экопарк құрылысы басталды

Oinet.kz 22-10-2024 197

14.jpg 

Соңғы жылдары Шымкентте халықтың демалатын, серуендейтін орындары көбейіп келеді. Былтырдан бергі аралықта мегаполисте бірнеше аллеялар пайдалануға берілді. Бұрынғы балалар теміржолының орнынан веложол салынды. Бүгінде мұның бәрі де халықтың ең сүйікті демалыс орындарына айналды.

Айта кетері, осы жұмыстардың барлығы да демеушілердің көмегімен іске асты.

 Шымкенттің келбетін ашатын, халықтың демалатын, спортпен айналысатын осындай нысандар алдағы уақытта да көптеп салынады.  

Айталық, Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында Экопарк құрылысы басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен мұнда ауданы 45 гектар жасыл аймақ құрылады, оның 38,6 гектары көгалдандыруға бөлінеді. Құрылысқа табиғи материалдар пайдаланылады. Табиғи ландшафтқа сәйкес келетін велосипед жолдары салынады. Ал көмірқышқыл газын шығаратын құбырлар қолайлы етіп жүргізіледі.

Экопарк ойын алаңдарынан спорт нысандарына дейін 9 ашық демалыс аймағы ұсынылады. 10 шақырымдық серуендеу жолында 4000-нан астам жапырақты ағаштар отырғызылып, табиғи оазис атмосферасы құрылады. Қалдықтардың үстіне органикалық тыңайтқыштармен байытылған қалыңдығы 1,5 метр топырақ қабаты салынады.

Жоба инвестициясы 5 млрд теңгені құрады, бас демеушісі-Hexo Foundation. Құрылыстың аяқталуы 2025 жылдың соңына жоспарланған, барлық жұмыстар тек бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізіледі. Осы жылдың көктемінен бастап полигонда ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді: 250 000 текше метр топырақ төселді, тереңдігі 120 метр бес ұңғыма бұрғыланды, жоспарланған 3000-нан 500 метр қоршау орнатылды.

Журналистермен кездесуде саябақтың атауы таңдалып, қала әкімінің тарапынан қолдау тапты.


Мақсат-- татулық құндылықтарын насихаттау
«Нұртас Оңдасынов—тарих және тұлға»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу