Кәрістер қауымдастығына 35 жыл

Oinet.kz 20-10-2024 190

9.jpg 

«Қазақта «Сыйлассаң – сыйлы боларсың» деген сөз бар. Ағайынның татулығы мен жанашырлығы – ел бірлігінің түп қазығы. Елдің тұтастығы қарапайым адамдардың өзара түсіністігінен басталады. Халқымыз бәрін де ақыл-парасатпен шешкен. Бұл дәстүрді ұмытпауымыз керек. Аға буын осы игі дәстүрді насихаттауы қажет. Жалпы, ортақ жетістіктер ұлттың мерейін өсіреді. Біз бір-бірімізге қашанда тілектес болуымыз қажет. Талапты, дарынды азаматтарды қолдай білуіміз керек. Әр отандасымыздың табысына қуанып, қиындықтарды бірге еңсеруге тиіспіз. Халқымыз «Ұйымдасқан ұтады» деп бекер айтпаған. Бірлігімізді бекемдей білсек, елдігімізді сақтап қаламыз. Сонда ғана Әділетті Қазақстанды құрамыз,-деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шымкент бүгінде көптеген ұлттардың өзара ынтымағы жарасқан қала. Сондай ұлттардың бірі корейлер қауымдастығының 35 жылдығына арналған мерекелік концерті өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғ.Махан, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы-қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Әмзеева ҚХА төрағасының орынбасары, Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы Ю.Шин, Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қызметкерлері кәрістер қауымдастығына 35 жыл толуына орай құттықтауын жеткізді.

Шара барысында бірлестіктің дамуына зор үлес қосқан корей қоғамының ардагерлері мен белсенді мүшелеріне алғыс хаттар мен марапаттар тапсырылды.

Сондай-ақ, жиында Шымкенттегі корейлер қауымдастығының бастамасымен жасалған кітаптың тұсаукесері болды. Ол жинақта корей қауымының тарихына, 1937 жылы корейлердің Қазақстанға жер аударылуына және олардың жергілікті қоғамдастыққа қосылуына ерекше назар аударылған.


Шымкент: Халықтың өтініш-тілегі ескерусіз қалмайды
Вандализм әрекетіне бейжай қарамаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу