Шымкент: Антикор офицер-комплаенстерге арнап семинар ұйымдастырды

Oinet.kz 15-10-2024 299

Соңғы жылдары антикордың бастамасымен кәсіпорындар мен ұжымдарда офицер-комплаенс лауазымы енгізілген болатын. Комплаенс-офицер қызметінің негізгі мақсаты мекеме және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

Screenshot_15.jpg

Нақтырақ айтқанда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. 

Сонымен бірге ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалап отырады. 

Мамандардың айтуынша,  айтуынша, комплаенс-офицер лауазымын енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ішкі бақылауды оңтайландыру саласындағы қолданыстағы халықаралық стандарттарға сәйкес тиісті бизнес-процестердің үйлесуін және оларды бақылауды жеделдетеді деп күтілуде.

Жуырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған оқыту семинары жергілікті комплаенс қызметкерлеріне арналды. Бұл семинар квазимемлекеттік сектордың комплаенс офицерлерінің қатысуымен өтті. 

Комплаенс қызметтері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды бөлігін құрайды, олардың міндеті – заң үстемдігін, өзара сенім мен ашықтықты қамтамасыз ету. Шымкент қаласы әкім аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев бұл бағыттағы жұмыстарды атап өтіп, семинардың жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқанын айтты. Ол комплаенс офицерлерінің белсенді жұмысы жемқорлық фактілерін азайтуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Семинар барысында квазисектор саласында қоғаммен байланыс орнатудың тиімді коммуникация дағдылары мен жобалық менеджмент жүйесін енгізудің маңызы туралы тақырыптар талқыланды. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент филиалының доценті Сәуле Рысбаева коммуникация дағдыларының әдіс-тәсілдерін түсіндіріп, қазіргі таңда ашықтық пен айқындық қағидаларының өзектілігін атап өтті.

Шымкент: Автобустарда электронды төлем тиімді
Шымкент: Көшпелі кездесу әл-Фарабиде жалғасты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу