Сыздықбеков жемқорлықпен күресті күшейтуді тапсырды

Oinet.kz 09-10-2024 486

15.jpg 

Сыбайлас жемқорлық қоғам дамуын тежейтін, халықтың билікке деген сенімсіздігін тудыратын жағымсыз құбылыс. Қазақстан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарыннан бастап осыған қатысты күрес жүргізіп келеді.  Ал Шымкентте сыбайластықтың алдын алу жұмыстары кейінгі кездері күшейтілді.

Жуырда  Шымкент қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында бірнеше маңызды мәселелер талқыланды. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарушы Е. Жолғасбаев қасақана қылмыс жасағандарды қайта әлеуметтендіру бойынша баяндама жасады. Полиция департаменті басшысының орынбасары А. Бейсенбаев пен Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қ. Базарбаев ішкі істер органдары мен төтенше жағдайлар саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары туралы мәлімет берді.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөнінде мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Алмас Абаев баяндады, ал кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы ақпарат берді.

Жиын соңында қала әкімі басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді және жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.


Шымкент: Әл-Фараби ауданы инфрақұрылыммен толық қамтылған
«Ұл тірегі—Отбасы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу