Ұстаз болу—қастерлі міндет

Oinet.kz 06-10-2024 250

5.jpg

Қазан айының басында атап өтілетін ұстаздар күні мерекесі биыл ерекше шаралармен есте қалды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Түркістан сарайында” өткен Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысып, білім саласының қызметкерлерін маңызды мемлекеттік мерекемен құттықтады. Ұстаз – ең алдымен қадірлі маман, ал ұстаз болу – қастерлі міндет.

Қала басшысы іс-шара барысында білім беру саласының үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады. Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мұғалімдердің мәртебесін көтеруге, білімін жетілдіруге және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген шаралар қолға алынған. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының білім беру мекемелерінде шамамен 30 мың мұғалім жұмыс істейді және 500 мыңға жуық оқушы мен студент білім алады. Заманауи мектептердің саны жыл сайын артып келеді. Осы орайда, ұстаздардың қоғам мен қала экономикасындағы айрықша орнын атап өтті.

"Кәсіби қызметтеріңізге адалдық танытқандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Сондай-ақ, қаладағы білім беру жүйесін дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосқан ардагер ұстаздарға алғысымды айтамын. Мерекелеріңіз құтты болсын!", - деді, қала әкімі.

Айта кетері, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген педагогтерге алғыс айтты. Білім беру ісіндегі үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын тапсырды.

Марапатталғандар қатарында Шымкенттегі З. Космодемьянская атындағы №23 мектеп директоры Жанар Тойлыбаева бар.


Шымкент: Оңалту орталығы заманауи қондырғылармен жабдықталған
Референдум: Дауыс беру басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу