Озаттар Жәнібеков университетіне таңдау жасады

Oinet.kz 04-09-2024 234

8.jpg 

Шымкенттегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Білім күніне арналған салтанатты жиыны «Түркістан» сарайында өтті.

Салтанатты шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек талапкерлерді жаңа оқу жылымен құттықтап, қала әкімінің грантына барлығы 129 үміткер ие болғанын айтты.

Бұдан кейін университет Басқарма төрағасы-Ректордың уақытша міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөз сөйлеп, үздік еңбеккерлерді алғыс хатпен марапаттады. Бірінші курс студенттеріне Алтын кілт пен Студентік билет табыстау, Ант беру рәсімі болды.

Білім күніне арналған іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Әділет Жауғашар жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, оқу ордасының мақтаныштары да өнер көрсетті.

Биыл аталмыш оқу орыны жаңа оқу жылын 8063 білімгермен бастады. 2024-2025 оқу жылына барлығы 2201 білім алушы қабылданса, оның – 1015-і мемлекеттік білім гранты иегері. 129-ы – Шымкент қаласы әкімдігінің грантының иегері.

83 Алтын белгі, 193 Үздік аттестат, 10 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 1 Халықаралық, 13 республикалық олимпиада жеңімпаздары және 30 IELTS сертификаттарын иеленген оқу озаттары да Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне таңдау жасады.

Аталған оқу орны  1937 жылы ашылған. Ғасырға жуық уақытта көптеген жетістіктерге жетіп, мыңдаған ұстаздарды тәрбиелеп шығарған. Соңғы жылдары оқу орнында   4 қабатты, 350 орындық және 200 орындық 4 жұлдызды қонақ үйге тең «Студенттер үйі» пайдалануға беріледі.
2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануына орай жүлде қоры 28 млн.теңгені құрайтын 11 номинациядан тұратын республикалық жастар конкурсы елімізде алғаш рет осы университетте өткізілді.
Былтыр Ғылым және жоғары білім  министрлігінің  бұйрығымен университетке рух сардары,  мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің аты берілді.


Шымкент: «Бірлік керуені» жолға шықты
Басты талап --тәртіп пен қауіпсіздік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу