Шымкент: Биыл Конституция күні кең көлемде тойланады

Oinet.kz 20-08-2024 272

11.jpg 

30 тамыз Конституция күні. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Шымкентте биыл Конституция күні мерекесі кең көлемде аталып өтпек.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Жиын барысында Конституция күніне арналған іс-шаралар жоспары, бюджеттің атқарылуы және жобалық офистің жұмыстары қарастырылды.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мереке қарсаңында ұйымдастырылатын шаралар туралы баяндады. Конституция күніне орай, Шымкенттің бес ауданында 20 іс-шара жоспарланған. Негізгі салтанатты жиындар Нұрсәт өнер мектебінде, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда, Шымсити саябағында, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда, Оқушылар сарайында және "Түркістан" сарайында өтеді. Қала әкімі жауапты тұлғаларға бұл шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

Қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаев қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылуын талқылады. Ол қаражаттардың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету, игерілмеуі мүмкін қаражаттарды қысқартып, тиімді салаға бағыттау туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өтуін толық зерделеу қажеттігін атап өтті. Қала әкімі аудан және сала басшыларына қаржыны тиімді игеруді қатаң бақылауды тапсырды.

Сонымен қатар, әкім тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді жедел шешуді және қала тазалығын қамтамасыз етуді қатаң бақылауға алу қажеттігін ескертті. Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын да пысықтау қажеттігін атап өтті.


Шымкент: 7 нысанды коммуналдық меншікке қайтару жұмыстары басталды
Шымкент: Жыл соңына дейін 19 балабақша ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу