Араздасқан екі бауырды табыстырған ұста

Oinet.kz 15-01-2023 342

Ертеде ағалы-інілі ағайындылар көршілес өмір сүрген екен. Алайда бір күні үлкені кішісінің өтінішін орындамай қалып, араларында салқындық пайда болады. Осыдан кейін екеуі бет көріспестей ренжіседі. Сөйлесу түгілі, амандаспайтын халге жетеді.

Screenshot_1.jpg

(сурет ашық дереккөзден алдынды)

Күндердің күнінде үлкенінің есігін жұмыс іздеп жүрген ағаш ұстасы қағады. Жұмысқа алуға келісіп: – Анау тұрған шағын өзенді көрдің бе? Соның арғы бетінде інім тұрады. Сол жерге үлкен қақпа орната аласың ба? Ол өте биік болсын! Оның үйін де, өзін де көргім келмейді, - дейді. Ұста: – Иә, жасауға болады. Сонда неге ініңізді көргіңіз келмейді? - деп сұрайды. 

Ағасы не себепті ұрысқандарын да есіне түсіре алмайды. Жүрегі әбден қарайып, реніші тереңдеп кеткен екен. Аз ғана ойланған ұста: – Рұқсат етсең таңға дейін жұмыс істейін, ертең басқа шаруаларым бар, - дейді. Қожайын келісім береді. Алайда, түні бойы мазасызданып, ұйықтай алмайды. Оның үстіне сырттан ұстаның тарс-тұрс еткен дыбыстары естіле береді.

Ақыры таң атып, қожайын сыртқа шығып, қақпаға тапсырыс берген тұсқа мойын бұрады. Қараса, ешқандай қақпа жоқ. Керісінше, өзеннің арғы бетіне өтетін көпір қойылыпты. – Бұл не сұмдық! Мына ұстаны ма? Мен оған әлгілерді көзіме көрсетпейтін қақпа салуды тапсырдым ғой! - деп ашуға буылға бергенде, таныс бейне ұшырасады. Ол кілт тоқтайды. Анықтап қараса, көпірдің үстінде інісі тұр екен. Ол қолын бұлғап: – Қымбатты, бауырым менің! Сені сондай сағындым! Сен менің ең жақынымсың ғой! Өзім бірінші қадам жасауға бата алмай жүр едім. Алайда, сен соны жасадың, - деп ағынан жарылады. 

Екі бауыр құшақтасып мәз-мейрам болысады. Екеуі көкке отыра кетіп, өткен-кеткенді еске алып, қызықты сәттерін айтудан жалықпайды. Осылайша, кештің қалай батқанын білмей де қалады...

Түйін: «Мұсылманның мұсылманға үш күннен артық ренжуіне болмайды. Үш түннен кейін оған барып сәлем беруі міндет болады. Сәлеміне жауап берсе ортақ сауапқа ие болады. Жауап бермесе, күнәсі оған болады» делінген хадисте. 

Және кім бірінші болып ашуын басып, кешірім сұраса – Алла алдында мәртебелі болып, сауапқа ие болмақ. Ендеше, дәл қазір ренжіскен бауырыңыз болса, хабарласып, алғашқы қадамды өзіңіз жасауға еш нәрсе кедергі емес!

Бір келіннің кесірінен бүткіл ауылдың сүйегіне қара таңба болып қалған сөз
Әкімге «адам болмайсың» деп бұрылып шығып кеткен қойшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу