Қарттар үйі өртеніп, 27 адам ауруханаға жатқызылды

Oinet.kz 11-04-2025 227

Ыстамбұлдағы жапсарлас тұрған екі ғимараттан құралған қарттар үйінің 79 адам тұратын бөлігінен өрт шыққан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

Etikhaber порталының жазуынша, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ғимараттан 90 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Түтінге тұншығып, ыстан басы айналған 27 адам жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілген.

Дәрігерлердің төрт адамның жағдайы өте ауыр екенін айтты. Иіс тиіп қалған адамдардың арасында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері де бар.

Аз уақытта жалын толық сөндірілді. Десе де өрт шыққан ғимаратта ерекше көмекке мұқтаж, өздігінен жүре алмайтын кісілер жатқан. Олардың барлығы дер кезінде құтқарылды.

Қазір мамандар өрттің себебін анықтап жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Кірпіш салынған қаптан да ақымақ»: Маск Трамптың кеңесшісі туралы қатты айтты
«Командамыз футболда жеңілгені үшін»: Nexia жүргізушісі көлігімен адамдарды басып кетпек болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу