8 өндіріс іске қосылды
Бүгін Түркістан облысының ардагерлері мерекеге орай киелі шаһарда бас қосты. Облыстың аудан, қалаларынан келген 50 ардагерді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қарсы алып, қазыналы қарттарға жылы лебізін білдірді.
– Түркістан қаласына жақында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен келген болатын. Мемлекет басшысына оқу орнындағы білім беру процесінің ерекшелігі мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жобалары таныстырылды. Қазіргі уақытта «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасын дайындалып жатыр. Түркістанымызда күн санап түрлі рухани-мәдени, туристік нысандар бой көтеріп, республикалық және халықаралық деңгейде іс-шаралар өтетін орталыққа айналды. Өндіріс орындары ашылып жатыр. Барлығы да өздеріңіздің көз алдарыңызда. Сіздерді мейірім мен ізгілік мерекесімен шын жүректен тағы да құтттықтаймын, – деді әкім орынбасары.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мұрындық болған игі бастама өңірдегі инвестициялық жобалар шоғырланған «SPK TURKISTAN» өндірістік паркінде жалғасты. Өндірістік парктің құрылысы 100 гектар жерге салынады. Құрылыс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Индустриялық алаңның бірінші кезеңінде 30 гектар жер телімі бөлініп, тиісті инфрақұрылыммен және коммуникация желілерімен қамтамасыз етілді. Бастапқыда жалпы құны 96,9 миллиард теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде инвестиция көлемі 36,5 миллиард теңге болатын 8 өндіріс іске қосылып, 712 жаңа жұмыс орны ашылды.