Сапалы өнімге қашанда сұраныс жоғары

Oinet.kz 05-10-2024 112

image.png

Мамандардың мәліметне сүйенсек  Түркістан қаласында  өткен жылы жалпы құны 4,9 миллиард  теңгенi құрайтын 7 жоба индустриалды аймақта iске қосылды. Солардың бірі  «Turkistan» индустриялды аймағында іске қосылған  - «EUROBLOCK PRODUCTION» ЖШС.  Кәсіпорын газобетон жасаумен айналысады. Жобаның құны 113,8 миллион теңгені құрайды. Барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Жобаның қуаттылығы 23 мың м3. Жоба Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысымен  индустриалды аймағының 1 гектар жер учаскесіне орналастырылған. Аталған материал құрылыс саласының жаңа өнімі деуге болады. Ал бұл жаңа өнімді түркістандықтарға алғаш болып ұсынып отырған кәсіпкер Әнуарбек Ахметов.  

«Өзім Түркістан қаласының тумасымын. Біраз жылдар кәсібіме байланысты сыртта жүрдім. Шаһар облыс орталығы болған соң біріншіден патриоттық сезім бар дегендей, екіншіден бизнесімді өркендету үшін туған қалама келіп газоблок өндіретін зауытты салдым. Арнайы бизнес жоба жасадым. Қала әкімдігі мен бөлім басшылары және индустриалды аймақтың басшылары жобамды қолдап, аймақтан жер беріп, зауыттың іргетасын қалап, өнім шығарғанша көмектесті. Мамандар қажетті инфрақұрылымның барлығын тартып берді. Қазір қаладағы нысандардың салынуына, шаһардың гүлденуіне, экономикасының өсуіне, өнеркәсібінің дамуына шамамыз келгенше үлесімізді қосып жатырмыз. Он шақты құрылыс компанияларымен жұмыс істеп келеміз. Бұған дейін қаланың 30 шақты үйдің құрылысына өнім бердік»,- дейді кәсіпорын басшысы Әнуарбек Ахметов. 

Қазір зауытта 12 адам жұмыс істейді. Кәсіпорында немістің озық технологиясы қолданылады. Бұл қондырғыларды Түркістанға алғаш болып әкелген де осы компания. Кәсіпорын өндіріп отырған құрылыс материалының тиімділі зор. Мысалы күйген кірпішпен салыстыратын болсақ мұнда өндірілетін бір дана газоблок  күйген кірпіштің 17-сін алмастыра алады және де классикалық кірпішке қарағанда жылуды 40 пайызға артық сақтайды. Одан кейін құрылыстың салынуы мерзімі 3 есеге дейін қысқарады. Оны қалау үшін арнайы оқудың, тәжірибе жинаудың  қажеті жоқ. Қолынан іс келетін кез-келген азамат өзі-ақ қалай береді. Құрылысшы мамандардың айтуынша кірпішті қиюластырудың өзі өнер. Осы тұрғыдан алғанда  бұл кірпішті  қиюластыру оңай. «Бұл жаңа өнім болған соң жергілікті халық енді-енді үйреніп келе жатыр. Жеке тұрғын үй салып жатқан тұрғындар арасында сұраныс енді өсіп келеді. Біздің кірпіштерді бір қолданған адам  одан кейінгі құрылыста тек осы газоблоктарды қолданады деп үлкен сеніммен айта аламын. Келген тұтынушыларға бұл кірпіштің тиімділігін  түсіндіріп айтып береміз.Біріншіден тұтынушы  құрылыс материалынан үнем жасайды. Сондай-ақ мұның қара сылағы болмайды. Қалайтын кезде арасында цемент, құм секілді қоспаларды жақпайды. Оның өзінің желімі бар. Сонымен қалай береді»,- дейді зауыт иесі. 

Кәсіпорынның өнімдері бүгінгі таңда қала құрылысында кеңінен қолданылуда.  Одан  бөлек облыс аумағында әсіресе Созақ, Отырар ауданынан және көршілес Қызылорда облысынан да сұраныс бар көрінеді. 

Көлемді кірпіштердің құрамына цемент, құм, алюминий ұнтағы және сульфат натрий (тұз)  кіреді. Кірпіштер құйылып шыққанан кейін 1 тәулік арнайы камерада кептіріледі. Өнімдер тиісті экспртизадан өткен, сертификаты бар. Отандық стандарттарға сәйкес келеді. Сондықтан зауыт өкілдері өнімнің сапасына кепілдік береміз дейді. Және өнімнің бағасы сапасына сай, халыққа қолжетімді екен. 

Кәсіпорындағы қызметкерлер жергілікті тұрғындар. Кәсіпорын жұмыс іздеп келген кез-келген азаматты жұмысқа алуға әзір. Себебі жұмыс барысын өздері үйретеді. Ешқандай еңбек өтілі, тәжірибені талап етпейді. Ең бастысы жауапты, еңбекқор жан болса болғаны. Жалақылары тұрақты және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. «Өз өндіріс орныңдағы әрбір атұарылатын істі алдымен өзің білуің керек. Біз де алғаш өнімнің рецептісін шығарғанша біраз қианлдық. Ізденіс пен маңдай тер, еңбектің арқасында сапалы өнімді жасап шығардық. Енді сол ізденісімді, тәжірибемді өз жұмысшыларыма үйретемін. Негізі жұмыс барысы аса қиын емес. Талабы бар адам бір-ақ аптада үйреніп алады. Жұмысшыларымыздың қауіпсіздігіе аса мән беремін. Адам денсаулығына аса қауіпті химиялық заттар, қоспалар болмаса да жұмыс кезінде олар қорғаныш маскасы мен көзілдірк, қолғаптарын міндетті түрде киеді. Олардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайыына көбірек көңіл бөлуге тырысамын»,- дейді кәсіпорын директоры. 

Кәсіпорынның әу бастағы бизнес жоспарында газоблоктан басқа да материалдар өндіру жобасы болған. Сол жоспарға сай зауыт қазір полистрол блоктарын да өндіруді қолға алған. Аталған материалдың  жылу ұстағыш қасиеті екі есе  жоғары. Аталған материал шатыр ішіне төселеді. Әдетте тұтынушылар пеноблок қолданады. Оны төсеудің машақаты көп екен. Тіреу жасайды, астына қалып төсейді. Ал полистрол блоктары құйылған дайын өнім. Тек төсеп шықсаң болғаны. Сондай-ақ зауыт алдағы уақытта термопанель шығаруды да жоспарлап отыр. Сонымен қатар үйдің, ғимараттың сыртына көрнелік беретін, түрлі бейнелері бар панельдерді де өндіруді қолға алмақ. 

«Бір байқанғаным қазіргі таңда менде осындай кәсіп ашсам деген ынталы жастар көп. Оларға білгенімді, кеңесімді айтып жүремін. Бір кездері өтпелі жылдар болды ғой. Сол кезде жастардың барлығы жаппай тек қаржыгер, заңгер, айтишник секілді мамандықтарды таңдады.Салдарынан елімізде дәнекерлеуші, әрлеуші деген секілді мамандардың тапшылығы сезілді. Мұндай мамандар әлі де тапшы. Бір қуантарлығы, қазір жастар барлығы бірдей экономист, заңгер бола бермейтінін, керісінше қарапайым маман иелерінің жұмысына сұраныстың көптігін түсінді. Соған сай Қазақстанда мамандандырылған колледжер де көбейді.  Негізі мамандықтың жаманы жоқ. Абай атам айтқандай еңбек ет те, мал тап. Кез-келген кәсіп, мамандық адалынан істесең жемісін көресің.   Жұмыстың қиындығына шыдамай көптеген жастар бір-екі жылдан кейін жұмыстан шығып кетеді. Немесе бара салып жоғары жалақы алғысы келеді. Жұмыста шыдамдылық қажет. Бір-екі жыл сол саланың суығына тоңып, тәжірибе жинақтасаң нағыз маман болып шыға кклесің. Ертеңгі күні сол мамандығың сені асырайды. Айтқым келгені өзіміздің елде де, қаламызда да істеймін деген адамға жұмыс көп. Бізге келсе де жастарды оқытып, үйретіп аламын. Екі-үш жылда олар да нағыз кәсіби маман болып шыға келеді»,- деген кәсәпорын директоры кәсіпкердің бойында болуы ттиіс қасиеттерді атап өтті. «Кәсіпкердің бойында ең бастысы еңбекқорлық болуы керек.  Қиындықтан қорықпай бастаған істі соңына жеткізе білсе, нәтиже шығады. Кәсіп бастау оңай емес. Алдыңнан түрлі кедергілер шығады. Сондай сәтте жастарымыз қолыңды бір сілтемей, керісінше әр қиындықтан мотивация алып, алға ұмтылса деймін. Қазір бизнес бастап, өнім өндіремін дейтін адамға мемлекет көп көмек беруде. Осыны пайдаланып азаматтарымыз еліміздің өнеркәсібін датымса деймін»,- дейді ол.  

   Түркістан қаласында бүгінде құрылыс саласында 25 шақты кәсіпорын бар. Олардың басым көпшілігі Түркістан индустриалды аймағында орналасқан. Сондай-ақ қаланың ішінде құрылыс материалдарын өндіретін ірі 3-4 кәсіпорын бар. Түркістан қаласындағы құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың жалпы өнімділікте үлесі едәуір жоғары деп айтуға болады. Мысалы 2022 жылы құрылыс саласындағы кәсіпорындар 6 миллиард өнім өндірген. Өткен жылы да сол шамада өнім шығарған. Бұл дегеніміз отандық өнімдерге сұраныс та, өсім бар деген сөз. «Облыс орталығынан өз кәсібін ашқысы келетін, қызығушылық танытып отырған  кәсіпкерлер мен инвесторлардың қатары артып келеді. Қаладағы құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар 1600-дан аса   тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын айта кеткен жөн.  Біз кәсіпкерлерге, инвесторларға бірінші кезекте индустриалды аймақтан жер береміз. Ол жерде толық дайын инфрақұрылым жүйелері қамтылған. Оның өзі кәсіпкерлерге  үлкен жеңілдік. Сондай-ақ жеңілдетілген несие ұсынылады. «Даму» қоры немесе «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы алуға болады. 3 пайыздан 6 пайыз аралықта. «Атамекен»  кәсіпкерлік палатасы да кәсіп иелеріне бірқатар жеңілдіктер ұсынады. Құрылыс материалын өндіруге қажетті шикізаттың барлығы өзіміздің жерімізде табылады. Кәсіпкерлеріміз жаңа технологияны игеріп сапалы өнім шығарса деген ұсынысым бар. Санға емес сапаға мән берген жерде сұраныс та болалы.  Қаламыздағы индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорындардың барлығы  сапалы өнім өндіріп отырғанын үлкен сеніммен  айта аламын»,- дейді Түркістан қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімінің сектор басшысы Руслан Жұмашбеков. 

     Бөлім басшысының айтуынша ғұмыры ұзаққа бармай жабылып қалатын кәсіпорындар да бар, олардың жабылуына бітнеше жағдай әсер етеді дейді. «Біріншіден, кәсіпкерде нақты бизнес жоспарының болмауы. Кезең-кезеңге бөлінген жоспар  болмаса істің мәні қашады. Екіншіден, зауыт-фабрикалардың кейде айналым қаражаты жетпей жатады. Ал қаражаттың жетіспеуі ол сапасыз өнім өндіріп отыр деген сөз. Сапасыз өнімге сұраныс төмендейді, сатылым болмайды. Үшіншіден, кәсіпорында мамандар, қызметкерлер тұрақтамаса айлық, жылдық жоспар толығымен орындалмайды. Бұл де кәсіпорынның қаржысына әсер етеді. Сонымен қатар кәсіпкерлердің көбісі бизнесті үйінен, ауласына аша салады. Бұл үлкен шығын. Әсіресе коммуналдық шығындар көп болады. Оның үстіне қаланың ішінде, бір түпкірде орналасқан өндіріс орнын көп адам біле бермейді, барғысы да келмейді. Ал индустриалды аймақты жұрттың бәрі біледі. Керегінің барлығын сол жерден таба алады. Сондықтан орналасқан мекен-жай мен өндіріс орнының жайлы болғаны да аса маңызды. Сол себепті менің айтарым  бизнес жоспарыңыз болса алдымен бізге, мамандарға жүгініңіздер. Біз әрі қарай бағыт-бағдар беріп, сіздің бизнесіңіздің ашылып, аяққа тұрып кеткенінше көмектемесіз»,- дейді маман.  

Түркістанда құрылыс материалын өңдеу саласы қарқын алған
Өндірісі өрлеген Түркістан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу