«Яссылықтар» интернетпен қамтылды

Oinet.kz 25-09-2024 204

image.png

Түркістан қаласының «Яссы» тұрғын алқабы үй жағдайындағы интернет желісімен қамтылуда. Бұл сектордың тұрғындары енді озық GPON технологиясының арқасында жоғары жылдамдықты интернетті, цифрлық теледидарды және жоғары сапалы ұялы байланысты пайдалана алады. «Beeline» компаниясының жаңа технологиясы абоненттеріне қазірдің өзінде қолжетімді.

– Қазіргі уақытта «Яссы» және «Отырар» тұрғын үй алқаптарындағы жеке секторларды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін Түркістан қаласының барлық жеке секторларын толық қамту жоспарланып отыр. Қаржыландыру жекеменшік инвесторлардың есебінен жүзеге асырылады. Басқарма тарапынан инфрақұрылым мәселелері бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз, – дейді Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков.

«Beeline» компаниясының Түркістандағы тіркелген байланыс бизнесін дамыту бөлімінің басшысы Ержан Қошмаханбетовтың айтуынша, GPON технологиясының негізгі артықшылықтарының бірі – оның тұрақты деректерді беру жылдамдығы, сондай-ақ, сыртқы кедергілерден қорғалуында. Соның арқасында интернет, тіпті, шалғай елді мекендерде де жылдам әрі бірқалыпты жұмыс істейді. Технология деректерді оптикалық талшық арқылы 1 Гбит/с жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, бүгінде Түркістанда «Яссы» және «Отырар» тұрғын алқабындағы 8 мыңнан астам тұрғыны бар 2 мыңға жуық үй аталған технологияға қосылған.

«Солтүстік» қосалқы станциясы ашылды
Түркістанда 20 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу