Үш бала қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Oinet.kz 13-04-2026

Aстана қаласында түнгі уақытта болған өрт салдарынан тұрғын үйде кәмелетке толмаған үш бала көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Ведомствоның хабарлауынша, балалардың мәйіттері табылғаннан кейін оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу-оперативтік шаралар басталған. Тергеу нәтижесінде іс бойынша құқықтық баға берілмек.

Қайғылы жағдай 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде болған. Өрт сөндірілген соң пәтер ішінен балалардың денелері табылған.

Сондай-ақ, өрт кезінде бір әйел аман қалып, күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдай кезінде жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өз бетімен шыққан.

Ғарышқа саяхат: Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымырандарды 7,5 мыңнан астам турист тамашалады
Қазақстан мен Корея арасында мұнай келісімі аяқталуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу