Сарапшы: Ресейліктер енді көлікті бізден сатып алатын болады

Oinet.kz 01-03-2022 5024

Screenshot_8.png

Ауди, Дженерал Моторс, Фольксфаген, Шкода, Ягуар Ленд Ровер концерндері Ресейге көлік тасымалдауды тоқтатты. Көрші елге енгізілген шектеулер Қазақстанның автонарығын жандандыра түседі дейді сарапшылар. Өйткені шетелдік көлік іздеген ресейліктер енді бізге қарай ағылуы мүмкін. Бұл туралы КТК арнасы мәлімдейді.  

"Мен көлікті дереу сатып алуға кеңес беремін. Өйткені нарықтағы ахуал дәл қазір тұрақты. Бірақ жағдай кез келген уақытта лезде өзгеріп, көлік бағасы да қымбаттап кетуі мүмкін. Қазір адамдар валюта және көрші мемлекеттермен не болатынын ойлап қорқып жүр. Ресейге енгізілген санкциялар бізге қатты әсер етпейді. Керісінше, ресейліктер енді бізден көлік сатып алатын болады. Міне сол кезде сұраныс көбейеді. Әрі  ресейлік нарыққа  біз тәуелді емеспіз. Біз көбіне көлікті  Еуропа, Америка, Корея және Қытайдан аламыз",- дейді сарапшы Алексей Алексеев. 

Украинадағы жағдайға және рубль бағамының төмендеуіне байланысты қазір әлемдік автоөндірушілер Ресейге көлік жеткізуді уақытша доғарды. Жапония тіпті, жаңасы тұрмақ, мінілген темір тұлпарды жібермейтін болыпты.

 Ал Мәскеудегі Рено зауыты 13-наурызға дейін автомобиль өндірісін тоқтатқан. Осы ретте айта кетейік, ресейлік маркаларды өндіретін автозауыттар кейбір қосалқы бөлшектерді санкция жариялаған шет елдерден алдыртады. Сарапшылардың пікірінше көрші елдегі отандық автоөнеркәсіп тұралағалы тұр. Ал бізде әзірге баға тұрақты. Автосалондар валютаның құбылғанына қарамастан, құнын бір деңгейде ұстап тұрмақшы. 

 "Көліктер негізінде жартысы Қазақстанда жасалған, қалғаны Ресейден. Осы өзгерістер әсер етуі мүмкін. Бағалары өзгерілуі мүмкін. Бірақ қазіргі таңда бағаны ұстап тұрмыз. Көліктерді ескі бағамен сатып жатырмыз",- дейді Алматыдағы Renault көлік салоны сату бөлімінің басшысы Сұлтан Сералиев.

«Nur Otan»-ның атауы өзгерді
Болат Әбілов тұтқындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу