Қазақстанда шетелдік мамандарға берілетін квота санын азайтпақ

Oinet.kz 10-09-2019 1116

Картинки по запросу биржан нурымбетов

Қазақстанда шетелдік жұмысшыларды алдыру үшін жұмсалатын квоталар санын азайту ұсынылып жатыр. Бұл жөнінде Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында толық айтып берді.

«Бір жағынан, біздің компаниялардың жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік әлі де басым. Бірақ ол үлкен көлемде болмауы керек. Біз 25 жылдан астам уақыт бойы шетелдік мамандарды тартудамыз. Менің ойымша, ол мамандар енді өзімізден болуы қажет. Жалпы, шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша біз талаптарды қатаңдатуды жоспарлап отырмыз. Біз төртінші санат бойынша жұмысшы мамандарға мүлдем рұқсат бермеуді ұсынамыз. Кез келген облыста осы тауашаға ие бола алатын мамандар бар. Біз қазақстандық жұмысшыларды қамту бойынша талаптарды белгілегіміз келеді», - деп түсіндірді Нұрымбетов Үкімет отырысында.

Ережелер бойынша барлығы төрт санат бар. Бұл: басшылар мен олардың орынбасарлары; құрылымдық бөлімшелердің басшылары; мамандар. Төртінші санат – білікті жұмысшылар.

Сондай-ақ министр Еңбек министрлігінде шетелдік жұмыс күшін тартатын компанияларда жыл сайынғы тексерулер ұсынылатындығын хабарлады.

Шетелдік жұмыс күшін тарту үшін квота көлемі 47 мың адамды құрайды. Бұл ретте елімізде 21 300 шетелдік маман жұмыс істейді. Бұл шетелдік қызметкерлердің 20%-ы Қытай азаматтарына, 11%-ы Өзбекстан азаматтарына және 8%-ы Үндістан мен Ұлыбританиядан келген қызметкерлерге тиесілі.

Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі
Түркістан облысында 40 жас шамасындағы алаяқ әйел қолға түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу