Мирзияев мерзімінен бұрын президент сайлауын тағайындады

Oinet.kz 09-05-2023 507

65479141_605.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев кезектен тыс президент сайлауын тағайындады. Сайлау 9 шілдеге бекітілді. 

Бұған дейін Шавкат Мирзияев мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Сонымен қатар, ол жаңартылған Конституция Президентке, Парламентке, Үкіметке, министрлерге, әкімдерге шұғыл жаңа саяси, әлеуметтік және экономикалық міндеттер жүктейтінін алға тартқан. 

-Біздің халқымыз бізден барлық салада аса маңызды және өзекті өзгерістер мен реформаларды күтіп отыр. Әлемде және өңірде өткір және күрделі процестер жүріп жатқан қазіргі жағдайда дамудың дұрыс және тиімді жолын іздеу және іске асыру ең өзекті және маңызды мәселе болып табылады, — деді Шавкат Мирзияев.

Шавкат Мирзиев бұған дейін президенттікке екі мәрте, 2016 және 2021 жылы сайланған. Биыл 30 сәуірде Өзбекстанда Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша  референдум өтті. Ата заңның жаңа  редакциясында президенттік мерзім 5 жылдан 7 жылға өзгерді. Референдумнан кейін Мирзияевтің бұған дейінгі екі мерзімінің күші жойылды. Оның енді президенттікке тағы екі мәрте сайлану құқығы бар.    


Шымкентте бір топ шенеунік парамен ұсталды
Нұржігітов Президенттің тапсырмасын бірінші болып орындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу