Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарды қабылдауда

Oinet.kz 20-09-2019 818

Screenshot_25.jpg

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру қажеттігі туралы атап өтті.

Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы күн сайын азаматтарды қабылдауда.

Осылайша, Департамент басшысы А. Жұмағали кезекті қабылдауын "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалында өткізді.

Қабылдау барысында азаматтар өздерінің құқықтарын қорғау, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгініп, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне шағымданды.

Барлық өтініштер бойынша жан-жақты жауаптар берілсе, олардың кейбіреулері басшының жеке бақылауына алынды.

Айта кету керек, жыл басынан 50-ден астам жеке қабылдау өткізіліп, онда 90-ға жуық өтініш қаралды.

Полиция департаментіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары жүргізілді
​Түркістанда алғаш рет «күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу