Павлодар тұрғыны енесі мен әйелін және өз қызын аяусыз соққыға жыққан

Oinet.kz 09-09-2022 1146

Павлодар тұрғыны 4 жасар қызды, жүкті әйелі мен қайын енесін соққыға жыққан. Қыз ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Полицияға арызбен 42 жастағы қала тұрғыны жүгінген.

"Жүкті әйел күйеуінің түнде қол көтергені туралы хабарлады. Ер адам әйеліне, оның 4 жасар қызына және анасына дене жарақатын салған. Жеткіншек ауруханаға жатқызылды",- деді Павлодар облыстық ІІД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Жәбірленушінің түсіндіруінше, үйіне масаң күйде оралған ер адам оған, одан кейін анасына негізсіз дене жарақатын салған. Итерген кезде әйел ваннаға басын соғып алған. Ер адам онымен қоймай баланы өз бойының деңгейінде көтеріп, жерге лақтырып жіберген. Қыз басын еденге қатты соғып алған

ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қазір қамауда отыр.

Шымкент мектептерінде «адалдық сағаты» өтті
«Басынан темірмен ұрған»: Қызылордада ер адам әйелін асқан жауыздықпен өлтірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу