Өзіне тұрмысқа шығудан бас тартқан қызды атып өлтіріп, артынша өз-өзіне қол салды

Oinet.kz 08-09-2022 910

Египетте 29 жасар ере адам өзіне тұрмысқа шығудан бас тартқан қызды атып өлтіріп, артынша өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Daily Mirror сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_20.jpg

Оқиға сенбі күні 3 қыркүйекте болған. Қаскөй Ахмед Фатхи Амейра 19 жастағы Амани Абдул-Кәрім Әл-Газзарды аңдып, оған оқ жаудырды. Қызды өлтірердің алдында ол бейне түсіріп, онда өзін қылмыскер деп атап, осы уақытқа дейін Әл-Газзар үшін өмір сүргенін, енді одан кек алуға ниетті екенін айтқан.

Әл-Газзарды ауыл тұрғындары жаралы күйінде тауып алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер қызды аман алып қалуға тырысқанымен, оны құтқара алмады.

Қылмыскердің де мәйіті ауыл жолдарында табылды.

Егер Назарбаев болмағанда, Қазақстан ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетер еді - Тілеухан
Петропавлда әйелі көзіне шөп салған күйеуін пышақтап өлтірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу