Маңызды міндет - инклюзивті білім беру
Қазақстан Республикасы Үкіметі «2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтаған. Осының негізінде «Сырдария» университетінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында инклюзивті білім беру» тақырыбындағы «Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау» орталығы ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - ерекше психологиялық қажеттіліктері бар балалар үшін сапалы білім беруді қамтамасыз етудің құралы ретінде инклюзивті тұрғыдан даярлау және жүзеге асыру.
«Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау» орталығында тренингтер, пікірталастар, психологиялық көмекті қажет ететін тұлғалармен, денсаулығы ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушылармен жиі кездесіп отырамыз.
Семинар «Филология және гуманитарлық білім» деканы т.ғ.к., доцент Мейірбеков М.Б., оқу бөлімінің басшысы ғ.м. Оралова З.М., кітапхана директоры Раеева Г. және «Педагогика және психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы өз баяндамасында қашықтықтан оқыту жағдайында инклюзивті білім беру жайлы жан-жақты жеткізе білді.
Күтілетін нәтижесі қолжетімді сапалы білім алу үшін бұқаралық жағдайында ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушыларға бейімді психологиялық білім беру ортасын құру және қоғамда білім алушылардың психологиялық процестерінің әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетудегі негізгі бағыттарын қамтамасыз ету, денсаулық ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушыларға олардың физикалық статусына сәйкес келетін қосымша білім беру формаларымен қамтамасыз ету сонымен бірге мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арасында серіктестік орнату, қызметті үйлестіруді және кіріктіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Біздің орталық инклюзивті психологиялық қолдау жағдайында ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушылардың білім алуына болжамдала жасалған. Инклюзивті психологиялық қолдау - психологиялық білім беру жағдайында ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушыларға өзі қатарлас балалармен бір топта оқуына болатын білім беру үдерісін ұйымдастырудың бір формасы. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың аталған формасы жеке оқытуға қарағанда басымдау болып табылады.
Инклюзивті топтарды құрған кезде берілген ұсынымдар бойынша бір білім беру бағдарламасы бойынша оқытылуға тиіс дамуында ақауы бар балаларды, мүмкіндігінше, бір топқа біріктіру қажет.
Ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушыларға біздің университетте білім алуға бейімдеу кезеңі жабдықталған инклюзивті психологиялық қолдау кабинетінде, білім беру мекемесінде және одан тыс жерлерде өткізілген топтан тыс шараларда өтуде.
Осы жылы университетіміз қалалық сайыстарға инклюзивті білім берудің бағдарламасымен қатысуды көздеп отырмыз.
Олар:
- тәжірибе алаңы мәртебесін алу;
- түрлі ғылыми және қоғамдық ұйымдар, басқа психологиялық серіктестермен ынтымақтастық құру;
- ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушыларға ЖОО қызметінің барлық саласына кіріктіру, бұл арқылы қала бойынша бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
-даму деңгейі қалыпты балалардың ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушыларға деген психологиялық көзқарасын қалыптастыру;
- ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушыларға қоғамның психологиялық көзқарасын қалыптастыру процесін қамтамасыз ету.
Инклюзивті психологиялық қолдау моделін жүзеге асыру барысында ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушылардың сұраныстары мен қажеттіліктерін өтей алатын оқытуды ұйымдастыру мәселелерін шешуіміз керек. Ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушыларға қоғамда өз орнын тауып, бейімделуі, қоғамның толыққанды азаматы болып қалыптасуы біз үшін өте маңызды. Бар тәжірибені жүйелеп, ортаға салу арқылы бұл санаттағы білім алушылар жалпы білім беру топтарында оқытылып, қосымша жағдай жасалса, олардың оқытылуы мен әлеуметтену табыстылығы арта түсер еді деген болжамға келдік. Бұл біздің «Психологиялық көмек және инклюзивті қолдау» орталығыныңбағдарламасын құрып, инклюзивті топтарды ашуымызға түрткі болды.
«Сырдария» университеті ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушыларға жоғары оқу орнына түсуге тартып, оларға жоғары білім қажет екенін түсіндіруге арналған орталық жоспарына университет ерекше көңіл бөлуде. Ал орталықтың тиімділігін арттыру және студенттерді дұрыс баули білу жөніндегі білім біздің универдің ең негізгі мақсаттарының бірі болып саналады.
Ерекше психологиялық қажеттіліктері бар білім алушыларға өмірде өз орындарын тауып, өз таланттарын іске асыра алса және еліміздің қарыштап дамуына жоғары білікті кәсіби маман ретінде олар да өз үлестерін қоса алса дегіміз келеді.
Орманова З.Қ.
Сырдария университеті,
«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты, профессор.