АҚШ COVID-19-дан қаза болғандарды бес күн аза тұтады

Oinet.kz 23-02-2021 863

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус дертінің құрбандарына бес күндік аза тұту күнін жариялады. Елде COVID-19 құрбандарының саны 500 мыңнан асып кеткен, деп хабарлайды The New York Times. 

Джо Байден.jpg

Дүйсенбіде АҚШ елінде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 500 мыңнан асты. Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, дертті жұқтырғандардың жалпы саны бойынша АҚШ әлем елдері арасында көш бастаған - 28,185,469, . Көрсеткіштердің мұншалық артуын тіпті мамандар алдын ала болжаған емес. Президент Байден мен вице-президент Харрис дүйсенбіге қараған түні вирустың салдарынан қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. 

- Біз қайтыс болған адамдарды қарапайым америкалықтар деп сипаттаған сәтті жиі естиміз. Оларды қарапайым деп айтуға келмейді. Біз жоғалтқан адамдар ерекше болды, олар әр түрлі буындардың өкілдері, Америкада туды немесе Америкаға қоныс аударды. Олардың көпшілігі Америкада жападан жалғыз соңғы демдерін алды, - деді Байден. 

Джо Байден марқұмдарды аза тұтып, мемлекеттік туды бес күнге түсіруге шақырды. Пандемия жалғасын тапқан сәттен бастап АҚШ-та COVID-19-дан өлім саны көбеюін тоқтатқан емес. Елде алғашқы рет COVID-19-дан қаза табу жағдайы 2020 жылы 6 ақпанында Калифорниядағы Санта-Клара округінде тіркелген болатын. 

Қазақстанда өткен тәулікте 692 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте 994 адам коронавирустан емделіп шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу