Н.Назарбаев: «Әр теңге үшін бастарыңды жұлып аламын»

Screenshot_6.jpg

«Сіздерге және қазақстандықтарға ескертемін—қаржы дағдарысы жылдарындағыдай әрбір теңге үшін есеп бересіздер. Бюджеттен бөлінген бұл ақшаға кім қол салса, әр теңге үшін бастарыңды жұлып аламын. Жұмыспен қамту, индустирализация, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй коммнуалдық шаруашылықты жаңғырту, ауыз су, міне осы бес бағдарламаның орындалуы бойынша республикалық комиссия құрылады. Әкімдер аталған бағдарлама бойынша дербес жауап береді».

Жамбыл облысына жасаған ресми іс-сапарында мемлекет басшысы Н.Назарбаев оңтүстік өңіріндегі атқамінерлермен болған жиында осылай деді. Бұл жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастаған бір топ делегация арнайы қатысқан болатын.  Әңгіме барысында президент «бөлінген қаржыны бақылаушы органдар мен мәслихат қадағалап отыруы тиіс, әкімдер түн ұйқысынан түртіп оятса да осы бағдарлама бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бес саусағындай біліп тұруы керек» деген ескертулерін де жасады. 

Мемлекет басшысының дәл осы сөзді оңтүстік облыстарға жасаған сапары кезінде айтқаны кездейсоқтық па? Президент нені тұспалдады?  Аталған облыстарда жемқорлықтың өршіп тұрғанын ба, әлде шенеуніктердің сөзі мен ісінің бір-біріне қабыспай жататынын ба? 

Бес бағдарлама бойынша жүктелген тапсырмаларды орындай алмағандардың, қаржыны желге шашқандардың бастары расында да Елбасы айтқандай, домалап түсер ме екен? Бірақ мәселе онда емес қой...Кезінде президент шенеуніктерге «кез-келгенінің қолына кісен сала алатынын» ескерткені есімізде. Бұл сөз жәй ғана ескерту, қорқыту болған жоқ. Оған соңғы екі-үш жылда жоғары лауазымды шенеуніктердің сотталғаны дәлел бола алады. «Бастарын жұлатын боламыз» деген  ауыр сөзді айтқызған шенеуніктердің өздеріне де обал жоқ-ау.  

...Әйтеуір, ел тыныш, әкімдердің бастары аман болсын дейік. 

Мұрағаттан, 31.05.2012 ж

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: