Ашаршылыққа—80 жыл: «Көріңде өкіргір, Голощекин!»

Screenshot_8.jpg

1932-33 жылғы қазақ жерінде бұрын-соңды болып көрмеген алапат аштыққа кінәлі Филипп Голощекин Қазақ АКСР өлкелік басқару комитетінің бірінші хашысы болып 1925 жылы тағайындалған еді. Голощекин Қазан төңкерісіне дейін бірнеше жауапты қызметтері атқарды. Ақтарға қарсы күресті басқарған. Голощекин 1918 жылы Екатеринбургте ақ патшаны отбасымен бірге қырып салған қанды оқиғаны ұйымдастырушылардың бірі еді. Өмірінің соңына дейін ол мұны мақтанышпен айтып жүрді. 

Қазақстанға келген соң, Голощекин  «Кіші қазан төңкерісін» бастады.  «Қазан төңкерісіне дейін Қазақстан деген мүлдем болған емес» деді ол өзінің баяндамаларының бірінде. 

«Кіші Қазан төңкерісі» идеясын жүзеге асыру байлардың мүлкін тәркілеумен басталды. Бұдан кейін Қазақстанға жыл сайын 63 миллин пұт астық, 1,52 миллион малды етке өткізу міндеті жүктелді. Бұған қарсы шыққандар немесе орындамағандар қуғын-сүргінге ұшырады. 1929 жылдан бастап халық астық егуге мәжбүрлі түрде тартыла бастады. Бұл жұмыстарды қадағалауға тиіс жергілікті билік өкілдері халықты жаппай тонау шараларына кірісті. Мал жаппай етке өткізіліп, халықтың қолында тігерге тұяқ қалмады. 

1930 жылы Голощекин қазақтарды мүлдем құрдымға жіберетін  өзінің тағы бір тың идеясын ұсынды.  Ол қазақтарды жаппай отырықшыландыру саясаты еді. Жоспар бойынша 1930 жылға дейін қазақтардың 30 пайызы отырықшыландыруы тиіс болатын. Жергілікті белсенділер бұл жоспарлы асыра орындап, 73 пайызға жеткізді. Үстін-үстіне жүргізілген солақай саясаттың салдарынан мал басы тез кеми бастады. Ресми мәліметтер бойынша 1927 жылы Қазақстанда 40 миллион мал болатын. Бар-жоғы үш жылдың ішінде оның саны 29 миллинға дейін кеміді, ал 1932 жылы Қазақстандағы мал басы 6 миллионға ғана жетті. Бірақ елге төніп келе жатқаны апаттың үлкені әлі алда еді. 1931 жылдың соңында аштық басталды. Екі жылға созылған алапат аштықтан қазақ халқының тең жартысына жуығы қырылды. 1931 жылың өзінде 1 миллиннан астам қазақ шет елген бас сауғалап кетті. Олардың жартысынан көбі отандарына қайтып оралмады. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар аштыққа кімнің кінәлі екенін жақсы білді. Голощекинге, оның жүргізіп отырған саясатына ашық қарсылық біліне бастады. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, мұрағаттарда сақталған сол кездегі «Советская степь» газетіне басылған Голощекиннің суреттеріне қарапайым оқырмандар  «Көріңде өкіргір, Голощекин», «Қанішер» деген жазуларды жазған. Бұдар артық төзу мүмкін емес еді. 1932 жылы тамызда Голощекиннің жақын серіктерінің бірі Ораз Исаев Қазақстандағы шынайы жағдай туралы Сталиннің жеке өзіне хат жолдады. 1933 жылдың ақпанында Голощекин қызметінен алынып, оның орнына Левон Мирзоян тағайындалды. 

Қызметінен кеткеннен кейін Голощекин біраз уақыт Мәскекуде тұрды. Кеңес Одағының бас арбитры қызметін атқарды. Ол сол кездегі НКВД бастығы Н.Ежовпен жақын қарым-қанынаста болатын. Оның ешқандай жазаға тартылмауының басты себебі осы еді.  Ежов тұтқынға алынғанна кейін НКВД-ның жаңа басшысы Л.Берия Голощекинді дереу тұтқындау туралы бұйрық берді. Оған антикеңестік шараларды жүргізді және Қазақстанда шаруашылықтарды ұжымдастыру кезінде мемлекетке зиян келтірді деген айып тағылды. Миллиондаған қазақты ажал құштырған Голощекин сотсыз ату жазасына кесілді. Сот үкімі 1941 жылы 28 қазанда Куйбышев облысында орындалды.

Мұрағаттан, 12.05.2012 ж

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: