Мұны Мәскеудегі Экономикалық болжамдар институтының маманы Андрей Коровкин мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы онжылдықта ресейліктердің қатары жылына 0,5 пайызға азайып отырған.
Сайланған президент Владимир Путин тұрғындар санын 154 миллионға жеткізу жоспарын жариялап, екінші баланы дүниеге әкелген отбасыларға 10 мың доллар төлеп отыр. Алайда, кейбір демографтардың пікірінше, бұл шара, әсіресе, Сібір мен Қиыр Шығыста халық санын көбейтуге жеткіліксіз. Өзге бір мамандардың ойынша, демографиялық проблеманы ортаазиялық мигранттардың есебінен шешуге болады. Дегенмен, гастарбайтерлердің кәсіби біліктілігі мен сауаттылық деңгейі көпшіліктің көңілінен шығып отырған жоқ.
Мұрағаттан, 03.05.2012 ж