Шөкеев бүгін үш басқарма басшысын тағайындады

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев бүгін 3 басқарма басшысын тағайындады. Оның өкімімен Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Ибрагимов Ролан Бекмағамбетұлы тағайындалды.

Screenshot_3.jpg

Ролан Бекмағамбетұлы 1984 жылы 2 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туған.

Еңбек жолын 2006 жылы Шымкент қаласындағы «Дорсервис-1» ЖШС жол зертханасының маманы болып бастаған.

2007-2017 жылдар аралығында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне қарасты «Оңтүстік жолдары» МКК сапалы бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімінің 1 санаттағы маманы, «Жібек Жолы – 2008» ЖШС жетекші маманы, «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ автомобиль жолдарының құрылысы және жөндеу, пайдалану бөлімінің бас маманы, автомобиль жолдарын дамытуды жоспарлау бөлімінің бастығы, басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы қаржы және ақпараттандыру басқармасының бас маманы, басқармасының басшысы болып қызметтер атқарған. 

2017 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Screenshot_4.jpg

Ал, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Абдуллаев Арман Айдарұлы тағайындалды.

Арман Айдарұлы 1977 жылы 23 қарашада  Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында туған.

 1999-2018 жылдар аралығында «Рауан» ЖШС бақылаушы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика департаменті жиынтық бөлімінің бас маманы, аймақтық саясат бөлімінің бас маманы, әлеуметтік саясат бөлімінің бас маманы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлік және инновациялық қызмет бөлімінің бастығы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бастығы, инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі, облыс әкімі аппараты экономика және бюджеттік сала мониторингі бөлімінің басшысы болып қызметтер атқарған. 

 2018 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Screenshot_5.jpg

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Алексеев Игорь Александрович тағайындалды.

Игорь Александрович 1987 жылы 30 қыркүйекте Латвия Республикасы Тукумс қаласында туған.

 Еңбек жолын 2007 жылы Ақтөбе қаласындағы «ЛАД» ЖШС жобалау бойынша маманы болып бастаған.

2007-2018 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы «АрхИнтерБилд» ЖШС құрастырушысы, «АқтөбеАгропромСтрой» ЖШС учаскі мастері, Астана қаласындағы  Қазақстан Республикасы құрылыс істері және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық агенттігінің сарапшысы, бас сарапшысы, талдау және коммуналдық секторды дамыту басқармасының басшысы,  Қазақстан Республикасы өңірлік даму министрлігі құрылыс істері және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық комитетінің коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Қостанай облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасы басшысының орынбасары, Астана қаласы коммуналдық шаруашылық  басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2018 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы отын-энергетикалық комплекс және  коммуналдық шаруашылық  басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: