Қалиев: Президент сайлауы маусымда өтуі мүмкін

Screenshot_2.jpg

Саясаттанушы Талғат Қалиев Қазақстанда президент сайлауы осы жылдың маусым айында өтуі мүмкін деп болжап отыр. Бұл туралы ол Telegram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда келесі президенттік сайлауды өткізу мерзімі әлі белгісіз. Заңнамаға сәйкес, ол өткен сайлаудан кейін бес жылдан соң, яғни, 2020 жылы желтоқсанда өтуі тиіс еді. Алайда, президенттің өкілеттігі келесі жылдың сәуір айында аяқталады. Яғни, бұл жағдайда сегіз ай бойы ел жоғары лауазымды тұлғасыз жұмыс істеуге тәуекел етеді.

Осы ұстанымммен сайлауды 2019 жылдың желтоқсан айында өткізуге болады. Бұл қисынға келеді. Себебі, ол жоғарыда көрсетілген билік вакуумының пайда болуы сияқты тәуекелден қорғайды. Алайда, бұл кезектен тыс президент сайлауын тиісті түрде жариялауды қажет етеді.

Дегенмен, сайлау қандай жағдай болмасын, кезектен тыс болса, онда желтоқсан айының басталуын күтудің қажеті жоқ. Кезекті тыс сайлауды жариялау сынды қадамға дайын болған жағдайда, оларды белгісіздік кезеңін азайтып, ертерек өткізген дұрыс.

Яғни, кезекті тыс сайлауды жариялау сөзсіз болады деп есептесек, тек мерзімін анықтау ғана қалды.

Бұл тұрғыдан қарағанда, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюджеттегі қызметкерлерге жалақыны ағымдағы жылдың шілде айында емес, маусым айында көтеру туралы тапсырмасы орынсыз байқалмай қалды.

Бұл оқиғаны бір айға ауыстыру, әрине, көрсеткіштерді қайта есептеу, қосымша қаражат бөлу тұрғысынан бюджет пен қаржы қызметтеріне белгілі бір жүктеме алып келеді. Оған қоса, халықтың әл-ауқаты деңгейінің айтарлықтай жоғарылауының кепілі болып табылмайды. Бұл шешім сайлау өткізу кезеңінде әлеуметтік көңіл-күй деңгейін жақсарту тұрғысынан ғана ақталуы мүмкін.

Яғни, сайлау осы жылдың маусым айында, елорда күнін тойлауға дейін өтеді деп ойлауға барлық негіз бар. Конституция бойынша кезектен тыс сайлау оларды жариялағаннан кейін екі айдан соң өткізілетінін ескерсек, бұл шешім туралы ең жақын кезеңде жарияланатынын болжауға болады. Логикалық тұрғыда сәйкес пе?

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: