Нұрсұлтан Назарбаев: Шаршаған кезде Шамалғанды еске аламын

Screenshot_5.jpg

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туған жері Шамалғанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оны жерлестері үлкен сый-құрметпен қарсы алды. Елбасы өзінің осы ұядан ұшқан сәтін еске алды. «1958 жылы осы Шамалғаннан шетке кетіп 20 жылдан соң Алматыға қайтып келдім. Кішкентайымнан осы жерде өстім. Ата-бабамыз Қаратаудың баурайында ағайын-туған, құда-жекжат барлығы осы Шамалғанда. Жастар әлі біле бермейді. Уақыт келгенде ауылыңа келгенде жастық шақ еске түседі. Мемлекетті аяғынан нық тұрғызу үшін қанша қиын-қыстау уақыттардан өттім. Тауда, сай-сайларда әкеммен жүргенім еске түскен кезде барлық шаршағаным ұмытылғандай болады. Сондықтан адамның кіндік кескен жері ыстық. Адам туған жерін сүю арқылы үлкен Отанын сүйіп патриот болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Наурыз айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға сапарлап келген болатын.  Алматы әуежайында ҚР Тұңғыш Президентін жастар гүл шоқтарымен қарсы алды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесу өткізді. 

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: