Oinet.kz хабарлайды - Әкімдермен болған жиында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оларға халыққа жақын болу үшін әлеуметтік желілермен жұмыс істеуді тапсырған болатын.
«Біз қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл-күйін уақтылы білуіміз және оларға дер кезінде жауап беруіміз керек. Қоғамдағы ахуалды бес саусақтай біліп отырған абзал. Әсіресе, сайлау алдындағы кезеңде әкімдер қоғамдық сұрауларға тез жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн.
Әлеуметтік желілермен тиянақты жұмыс істеу керек. Мессенджерлерде түрлі топтар ашып саясатты түсіндірген оңай. Осы арқылы қоғамдағы ахуалды қалыпты түрде басқаруға болады. Халықпен кері байланыс әлі дамымай тұр. 17 әкімдіктен төртеуінде ғана Колл орталықтар бар. Сондай-ақ, жеті өңірде ғана мобильді халықтық бақылау бар», - деген еді Президент.
Тапсырманың ізін суытпай, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов әлеуметтік желіде парақша ашты. Ол Президент пайдаланатын Твиттер желісінде парақша жүргізуді қалаған екен.