Әлтаев қазақша сөйлей алады екен

Screenshot_16.jpg

Көпшіліктің көзқуанышына айналып жүрген әйгілі көркемгимнастшы  Әлия Жүсіпова жуырда ана атанып, дүниеге Әмина деген қыз әкелді. Айтайын дегеніміз елдің бәрі естіп қойған бұл жаңалық емес еді, айтпағымыз мынау- алдымен Әлиядай аруды жар етіп, артынша-ақ мамандығы заңгер екендігіне қарамастан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының білдей бастығы болып шыға келген  Нұржан Әлтаевтың алқалы жиындарда ана тілінде сөйлемей орысша сайрап жүргенін бұған дейін «Рейтинг» газетінде сынаған едік. Әлди үні әкелік сезімін оятып, Нұржан Әлтаевтың ұрпақ тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттырып тастады ма, әйтеуір, басқарма бастығы соңғы кездері қазақ тілінде  сөйлейтінді шығарды. Қайбір күні кәріс бизнесмендерімен өткен кездесуден соң Әлтаев  журналистерге қазақша сұхбат беріп, таңқалдырды. Күмілжімей-ақ ойын тәп-тәуір жеткізді.  Қазақтың қазақша сөйлегеніне  біз де қуанып қалдық. 

Оinet.kz мұрағатынан

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: