Шымкентте биыл екінші рет халықаралық деңгейдегі «Ашық аспан» фестивалі өтті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Биыл бұл фестивальге 11 ел қатысты. Ипподромға 20-дан астам шар орналастырылды. Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Түркия, Румыния, Венгрия, Молдова, Белоруссия сияқты елдер қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі жылы Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы болуына орай, 50 шар орнатылады. Осылайша, Шымкент қаласын Орталық Азияға таныту жоспарда бар.
Фестиваль соңы концерттік іс-шараға ұласып, түрлі деңгейдегі жұлдыздар келді. 2 күнге созылған іс-шараның бірінші күніне 91 тобы келсе, қорытынды күні Шымкентте туып-өсіп, бүгінде Ресейде ән шырқап жүрген танымал әнші Назима келді. Естеріңізде болса, бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Назиманы қабылдап, оған велосипед сыйлаған болатын.
Концертте Ғабидолла Рахматоллаұлы мен әнші Назира бір-біріне қайта-қайта рахмет айтумен болды. Назима қаланың қонақжайлығы үшін алғыс білдірсе, қала әкімі Назиманың алыстан арнайы келгеніне разы болды.