Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин жайлы не білеміз?

Screenshot_4.jpg

Марат Тәжинді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы етіп тағайындау туралы Жарлыққа Президент Тоқаев қол қойды.

«Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалсын», - делінген Жарлықта.

Естеріңізге сала кетейік, бұл лауазымды бұрын Бақытжан Сағынтаев атқарды.Тәжин оның орынбасары болып жұмыс істеген еді.

Сонымен Марат Тәжин кім? Оның өмірбаяны жөнінде не білеміз?

Марат Тәжин 1960 жылы Ақтөбе қаласында туған.

1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, экономист мамандығы бойынша бітірген.

Философия ғылымдарының кандидаты (1985). Әлеуметтану ғылымдарының докторы (1988). Лондон университетінің докторанты (1988). Профессор (1993 жылдан бастап). Стамбул университетінің құрметті профессоры (2008 жылдан бастап).

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресейдің әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресейдің жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік академигі, Қазақстан Республикасы саяси ғылымдар академиясының академигі және президенті, Қазақстан Республикасы әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті, Түркі тілдес елдер әлеуметтанушылар одағының президенті.1981 жылдан бастап – Қаз КСР Ғылым академиясы Өндірістік күштерді зерттеу жөніндегі кеңестің кіші ғылыми қызметкері.

1983-1987 жылдары – аспирант, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы.

1991 жылдан бастап – әл-Фараби атындағы ҚазМУ жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі.

1992 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары; Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі; Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

1993 жылғы маусымнан бастап – Қазақстан Республикасының Президенті Аппараты басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі.

1994 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі.

1995 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының жетекшісі.

1999 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі.

2000 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы.

2001 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

e4e669b57470089f86334d1c1a99ef07-small.JPG

2001 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

2002 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

2006 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

2007 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.

2009 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.

2013 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2014 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2017 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.«Құрмет» (2002), І дәрежелі «Барыс» (2007), ІІ дәрежелі «Барыс» (2016) ордендерімен және алты медальмен марапатталған.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері.

Төтенше және өкілетті елші дәрежесіне ие.

Screenshot_2.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: