Кабмин жұмысын жүргізе алмай отставкаға кеткен Сағынтаев туралы не білеміз?

photo_44408.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 21 ақпан күні республиканың оныншы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберді.

Назарбаев сол кезде Сағынтаевтың жұмысына көңілі толмаған еді. Елбасының айтуынша, Сағынтаевтың Үкіметі Қазақстанды ұшпаққа шығара алмады. Шаруа жүрмеді, жұмыс жанданбады. Қазақстан сол баяғысынша шикізатқа тәуелді ел болып қала берді. Бұған ашуланған Назарбаев Сағынтаевты орнынан алып тастап, орнына оның бірінші орынбасары Асқар Маминді қойған еді.

Сонымен, Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келді. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы. Әр жылдары премьер-министрі кеңсесінің жетекшісі, Павлодар облысының әкімі, экономикалық даму және сауда министрі, өңірлік даму министрі, үкімет басшысының бірінші орынбасары, "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдың 10 қыркүйегінен 2019 жылдың 25 ақпанына дейін Қазақстан премьер-министрі болды. Одан кейін мемлекеттік хатшы қызметін атқарды. Қазір жаңа Президент Тоқаевтың аппаратын басқарады. 

Screenshot_2.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: