Қостанайда орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

Screenshot_2.jpg

Республикалық ономастика комиссиясы облыс әкімдігінің қаулысы мен жергілікті мәслихат депутаттарының ұсынысына қатысты оң шешім шығарды. Қостанай қаласындағы Абай даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгертілді. 

Бұл шешім ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурыз күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның облыс орталықтарындағы басты көшелерді Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы ұсынысы аясында жасалып отыр. 

Қостанайдағы Абай даңғылының ұзындығы – 10 шақырым. Даңғыл бойында Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ академиясы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғимараты, қалалық мешіт және көптеген сауда-бизнес орталықтары бар. 

Қазіргі таңда Қостанайда Абай Құнанбайұлына лайықты көше қарастырылып жатыр.

"Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бойы ауқымды реформаларға үлкен мəн беріп келеді. Бүгінде, соның нәтижесінде біз студенттеріміздің, ғалымдарымыздың әлемдік аренадағы жоғары жетістіктерінің куәсі болып отырмыз. Осы үшін Н.Назарбаевқа зор алғыс. Әрине, мен еліміздің облыс орталықтарындағы басты көшелердің атауын өзгертуді толығымен қолдаймын. Бұл – құрмет, мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, мемлекетіміздің қалыптасуына Елбасының қосқан үлесін мәңгі есте сақтау деп есептеймін", - деді А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры Алма Досжанова.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: