Павлодардағы ең ұзын көшеге Назарбаевтың есімі берілді

Screenshot_1.jpg

Павлодар қаласындағы ең ірі тәуелсіздік көшесіне Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Осындай шешім облыс әкімдігі мен мәслихатының бірлескен отырысында біраузыдан қабылданды.

Осылайша, Тәуелсіздік көшесі Назарбаев даңғылы деп аталатын болды. Айта кетейік, көшенің атауын өзгерті ұсынысы бұған дейін облыс әкімінің халықпен есептік кездесуінде айтылған болатын, Бұл көшенің бойында «Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығы, Мәшһүр Жүсіп орталық мешіті, Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті сияқты ірі нысандар орналасқан.

«Әлемнің қай түспіріне барса да, «Кімсің?» деп сұрағанда «Қазақпын» деп жауап берсек, шетелдіктер Нұрсұлтан Назарбаевты еске алады. Бұл - заңды құбылыс. Себебі, бүгінгі таңда еліміздің жеткен жетістіктері - Тұңғыш Президентіміздің арқасы. Біз өз тарапымыздан облыс орталығындағы ең ірі көшеге Назарбаевтың есімін беруді құптаймыз», - дейді жиынға қатысқан ҚХА облыстық филиалы жанындағы «Нұр Ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилова.

 Айта кетейік, Тәуелсіздік - қаладағы ең ірі көше. Өткен жылы 10 шақырымға жететін көшені абаттандыруға баса назар аударылған. Жарықтандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 180 млн теңге жұмсалған. Сонымен қатар, абаттандыруға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде көше кеңейген даңғылға айналды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: